Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оразаны қалай оңай өткізуге болады?

Оразаны қалай оңай өткізуге болады?




Рамазан айында оразаны жаңадан ұстаған жандар үшін біраз қиындықтар болады.
- Рас айтасыз. Оразаны алғаш ұстаған жандар үшін біраз қиындық болады. Себебі, ол кісілердің көпшілігі рамазан айына еш дайындықсыз келеді. Егер, рамазан айына дейінгі Шағбан, Ережеп айларында нәпіл оразалар ұстап, ағзасын үйретіп, нәпсісін тәрбиелесе, бұлай қиналмаған болар еді.
Рамазан - рухани жаңару, тазару айы. Алла Тағала пендесіне ешқашан көтере алмайтын ауыр жүк артпайды. Ораза ұстауда қиналған кісі пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с) өмірінен үлгі алуы керек. Пайғамбарымыз өз заманында күндіз оразада, түнде құлшылықта болған. Сондықтан, «Е, Алла, рамазан айының жеңілдігін бере гөр, иманымды күшейте гөр» деп дұға тілеу керек. Мешітке жиі барып, құлшылықты көбірек жасаған дұрыс. Құлшылығы көп адамның бойында иман күшейеді. Ал, иманы күшейген адам сабырлы, төзімді, шыдамды болады. Осылайша оразаны жеңіл өткізуге болады. Нәпсіге ерік беріп, соның айтқанын істеп тек қана тамақ пен суды ойламай, арнайы дұғаларды жаттаған абзал. Рамазан – дұға айы болғандықтан, Құран мен сүннетте келетін дұғаларды жаттаған жөн. Алла елшісі бір хадисінде: «Алла Тағала: Ораза мен үшін ұсталады. Оның сауабын өзім беремін» деді» делінеді. Ниетіміз дұрыс болса, Жомарт Алла сауаптан да құр қалдырмайды.


30 наурыз 2020 ж. 1 069 0