Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ең ежелгі құран табылды

Ең ежелгі құран табылды


Ұлыбританияның әлемге әйгілі Бирмингем университетінің зерттеу кітапханасынан исі мұсыламн үшін баға жетпес жәдігер табылды: біздің дәуіріміздің 568-645 жылдар аралығына тиесілі қасиетті құранның 2 беттік көне нұсқасы табылды. Бұл - тарихы тым тереңде жатқан, әлемдегі ең ежелгі Құран. «Егер белгіленген күні рас болса, бұл жәдігер ислам тарихының алғашқы 20 жылына алып барады»,- деп мәлімдеді беделді жоғарғы оқу орнының христиан-ислам зерттеуші профессоры Дэвид Томас.
Бұл жәдігерді Альба Федели есімді аспирант кітапхананың таяу шығысқа тән мәтіндер қорын зерделеп жүріп тапқан болатын. Бұл парақтар қорға шамамен 1920 жылы тап болған. Альба Федели өзге қолжазбалардан жазу үлгісінің ерекшеленіп тұрғанына назар аударып, антикварларға, коллекционерлерге көрсеткен екен. Олар өз кезегінде оның «хиджази» каллиграфиялық стилінің ең ежелгі үлгісінде жазылғанын растады.
Бұл қолжазба Бирмингем университетінің Минган коллекциясына тиесілі болып шыққан. Тағы бір беделді Оксфорд университетінің зертханасында аталмыш қолжазбаға қатысты жүргізілген радиоэлектрлі талдау нәтижесі көрсеткендей, қолжазба осыдан 1400 жыл бұрын жазылған. Профессор Томас: «Мен академикпін. Сол себепті, менің алғашқы реакциям күмән болды. Әлбетте, бұл қолжазба исламнан бұрын пайда болуы мүмкін емес – радиоэлектрлі талдау мейлінше дәл көрсетеді».
Десе сиясы әлі зерттелген жоқ, мәтін пергаментте кейін түсуі мүмкін. «Сөйтсе де біздің ұйғарымымыз бойынша бұл пергамент осы мәтінді жазу үшін арнайы дайындалған»,- деді профессор сөзін ары сабақтап. Бұл пергаментте «әл-Каһф», «Мариям» және «Таһа» сүрелерінің аяттары жазылған. Бұл аяттар осы күнгі Құран мәтінімен толық сәйкесетіндігі мұсылмандардың қасиетті кітабының саф күйінде сақталғандығын айғақтап берді.


01 қазан 2019 ж. 1 363 0