Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Сатурнда жаңбыр жауу жағдайы анықталды

Сатурнда жаңбыр жауу жағдайы анықталды




Астрономдар 2017 жылы ғарыш аппараты Сатурн атмосферасы және ішкі сақиналары арасында ұшқан кезде Cassini зондымен алынған мәліметтерді зерттеді. Анықталғандай, сақиналардағ ғаламшарға көптеген микроскопиялық фрагменттер құлап, өзіндік бір жаңбыр түзетін көрінеді, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі Lenta.ru порталына сілтеме жасап.

Ғалымдар газ гигантының атмосферасына құлаған кезде алынған 2,7 мың шаң бөлшектері тура мәліметтерге талдау жүргізді. Аппарат бортында алынған заттың химиялық құрамын анықтауға мүмкіндік беретін ионды-бейтарапты масс-спектометр болған.
Бағалау бойынша, әрбір секунд сайын Сатурна бірнеше тонна зат түседі және оның басым бөлігі су мұзынан (95 процент) және молекулярлық сутегінен тұрады. Алайда, зеттеушілер сақина құрамындағы мұзды денелердің бетіне қонатын силикаттарды (қатпарлы астероидтардың негізгі құрауышы) анықтаған. Сонымен қатар, метан, бутан және пропан көмірсутектері, аммиак, молекулярлы азот, улы және көмірқшқылды газды қоса алғанда бірқатар органикалық заттарды анықтаған.
Сатурн атмосферасына ол заттардың басты жеткізушісі D сақинасы болып отыр. Дәл осы сақина газ ғаламшары атмосферасының химиялық құрамын қалыптастыруда басты рөл ойнайды.
Ескерту!
Baq.kz сайтында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпарат агенттігінің меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде Baq.kz сайтына төте сілтеме көрсету талап етіледі.
07 қазан 2018 ж. 1 040 0