Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Кореяда «Астана – Ұлы дала жауһары» атты фотокөрме ұйымдастырылды

Оңтүстік Кореяда «Астана – Ұлы дала жауһары» атты фотокөрме ұйымдастырылды

Осы тақырып бойынша «Astana Times» басылымына еңбегі жарияланып жүрген АҚШ тілшісі елорданың дамуына тәнті «Эксимбанк» пен Qazaq Banki-нің лицензиялары тоқтатылды Соңғы кездері Қазақстанға саяхаттап келетін грузиндер саны артқан KASE-нің таңғы сессиясы: $1 = 361,22 теңге Синхронды жүзу: Апалы-сіңлілі Немичтер Азиаданың қола жүлдегері атанды Оңтүстік Корея тұрғындары Астананың көрікті жерлерін тамашалады. Олар елордаға келген жоқ. Керісінше бас қаланың бір бөлігі Сеулге барды. «Астана – Ұлы дала жауһары» атты фотокөрмені Тұңғыш президент – Елбасы қоры ұйымдастырған. Бұл күндері Корея қорының галереясына келген көрермен Астанаға сапарлап барғандай әсер алды. Қазақстандық фотографтардың 40-қа жуық туындысы Сеулде өткен көрмеге қойылды. Ал отандық әртістердің өнері шараға ұлттық нақыш бергендей. Соль Че Хон, көрермен: – Мен Алматы мен Астанада он рет болдым. Достарыммен бірге мұражайлар мен өзге де көрікті жерлерді араладым. Бүгін көрмені аралап, қайта Қазақстанға оралғандай болдым. Аз уақыттың ішінде осындай жас елорданың құрылғанына, елдің даму қарқынына таң қалдым. Корея мен Қазақстан арасындағы мәдени, гуманитарлық әріптестік үзілмес үшін тараптар тиісті меморандумға қол қойды. Құжат аясында бірнеше ауқымды шара өткізу жоспарланған. Әлкей Марғұланұлы, ҚР Тұңғыш президент – Елбасы қорының халықаралық бөлім басшысы: – Меморандум барысында алдағы уақытта, осы жылдың соңына дейін, содан кейін келесі жылы Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті – Елбасының ядролық қарусыздандыру мәселесіне қатысты үлкен дәрежедегі эксперттік дөңгелек үстелдер өткізілетін болды. Сонымен қатар Корей мемлекетінің ірі мәдени өкілдері Қазақстанда мәдениет күндерін өткізуге мүмкіндік алып отыр. Сеулдегі Қазақстан елшілігінің бастамасымен жуырда екі ел сарапшылары бас қоспақ. Жиында еліміздің ядролық қарудан бас тарту бойынша үздік тәжірбиесі сөз болады. «Қос Кореяның келісімге келген шағында бұл мәселенің өзектілігі артты», – дейді сарапшылар. Бахыт Дүйсебаев, Корея республикасындағы ҚР Төтенше және өкілетті елшісі: – Кореяда тарихи жағдайлар орын алуда. Солтүстік пен Оңтүстік бейбіт келіссөз жүргізуге ниет танытты. Сондықтан бас қарудан ерікті түрде бас тартқан Қазақстанның тәжірибесі бұл ел үшін маңызды. Осы орайда бірлесіп үлкен жиын өткізуді жоспарлап отырмыз. «Астана – Ұлы Дала жауһары» атты көрме әлемнің 9 елін аралады. Жуырда елордамыздың көрікті жерлерін тұманды альбион елінің тұрғындары тамашаламақ.

www.24.kz
28 тамыз 2018 ж. 852 0