Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда «Алтын адам және ұлы дала» халықаралық көрмесі ашылды

Қытайда «Алтын адам және ұлы дала» халықаралық көрмесі ашылды

Бүгін, 30 қыркүйекте Қытайдың Тяньцзинь қаласының музейінде «Алтын адам және Ұлы дала» халықаралық көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараны ҚР Ұлттық музейі Қытайдың Мәдени жәдігерлер орталығымен бірлесіп ұйымдастырды. Көрменің ашылуына Мәдениет және ақпарат министрлігі қолдау көрсетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атаулы шараға Қазақстанның ҚХР-дағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі Асқар Шалқарбаев пен Ұлттық музейдің директоры Айбек Сыдықов, партия хатшысы және Қытайдың мәдени жәдігерлер орталығының директоры Тан Пин, Тяньцзинь музейінің директоры Яо Ян, сондай-ақ мәдениет және туризм басқармасының, халық үкіметінің Сыртқы істер басқармасының өкілдері қатысты.

«Алтын адам және Ұлы дала» көрмесіне Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің қорынан 185 бірегей экспонат қойылған. Көрме үш тақырыптық блокқа бөлінген. Олардың әрқайсысы қазақ халқының материалдық және рухани мәдениетінің дамуының әртүрлі аспектілеріне арналған.
Экспонаттар арасында ерте темір дәуірінің артефактілері, Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстанның ортағасырлық қалаларынан табылған заттар, сондай-ақ дәстүрлі зергерлік бұйымдар мен сәндік-қолданбалы өнер заттары бар», делінген Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Көрме 2025 жылдың 12 ақпанына дейін жалғасып, Тяньцзинь тұрғындары мен қонақтары Қазақстанның бай мәдени мұрасымен таныса алады.

Фото: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі

30 қыркүйек 2024 ж. 31 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9244)

08 қазан 2024 ж.

№79 (9243)

07 қазан 2024 ж.

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031