Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Польша мұражайы 150 жыл бұрынғы уақыт капсуласын ашты

Польша мұражайы 150 жыл бұрынғы уақыт капсуласын ашты

Польша мұражайы 1990 жылдардың ортасында табылған уақыт капсуласын ашты. Ішінен 1865 жылғы өмір көрінісін сипаттайтын хат пен газет табылған, жеп хабарлады yahoo.com.

Польша мұражайы 150 жыл бұрынғы уақыт капсуласын ашты
 сурет: PAP/Krzysztof Cesarz.

1990 жылдары Польшадағы Вроцлав қаласындағы көшелердің бірінен археологтар металл түтікше тапқан. Дегенмен, оған аса мән бермей, жергілікті мұражайға тапсырған. Тек биыл ғана осы қарапайым түтікшенің уақыт капсуласы екені анықталыпты.
2 шілдедегі Польша Ғылым және жоғары білім министрлігінің баспасөз хабарламасына сәйкес, Оссолиньский Ұлттық институтының мамандарына уақыт капсуласын ашу тапсырылған. Цилиндрді кесіп ашқанда, зерттеушілер екі зат тапты: газет пен хат.
Газет цилиндрдің 1865 жылға тиесілі екенін растайды, ал ішіне оралған хат сол кездегі Вроцлавтағы үш көршінің өмірін сипаттайды. Атап айтқанда, хат солардың көшесінде ортағасырлық су жүйесін жөндеу жобасы туралы баяндайды.

"Ішінде Вроцлавтың үш тұрғыны, Ножовничза көшесінің үш көршісі қол қойған қолжазба болды, ол осы уақыт капсуласын жасыру сәтін еске түсіреді. Бұл сәтті растау үшін көршілер капсулаға 1865 жылғы Breslauer Zeitung газетін де жасырған," - деді Вроцлав археологиялық мұражайының басшысы Мачей Тржчиньский.
09 шілде 2024 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930