Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жер қойнауында балқытылған тау жынысының жасырын қабаты табылды

Жер қойнауында балқытылған тау жынысының жасырын қабаты табылды



Остиндегі Техас университетінің ғалымдары жердің терең қойнауын зерттеді. Нәтижесінде жер астында балқытылған жыныстың кең қабаты бар екені анықталған. Бұл зерттеу жұмысы Nature Geoscience журналының 6 ақпан күнгі шығарылымында жарияланды.

Ғалымдардың айтуынша, балқытылған қабат 160 км тереңдікте жердің жоғарғы мантия аймағы бөлігінде жатыр. Астеносфера тектоникалық плиталардың мантия бойымен қозғалуына мүмкіндік береді.        
Зерттеу авторлары әлемнің әртүрлі елдеріндегі станциялардан алынған жер қойнауының сейсмикалық суреттерін талдады. Олар астеносфераның ғаламдық картасын жасап, балқытылған қабат жер шарының жартысына жуығын құрайды деген қорытындыға келген.
«Жартылай балқытылған тау жыныстары планетаның ішкі бөлігіндегі температура мен қысымның тұрақты ауытқуынан пайда болуы мүмкін. Зерттеу балқытылған жыныстар астеносфераның жоғарғы бөлігінде ғана емес, оның түбінде де жатқанын көрсетті. Біз балқытылған жыныстың үлесі өте жоғары болса да, оның мантия ағынына әсері аз екенін анықтадық», деді Техас университетінің ғалымдары.
Ғалымдар астеносфераның қасиеттерін зерттеу арқылы плиталардың тектоникасын жақсырақ түсінуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
 
Айтолған ЖҮНІСХАН,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті
07 ақпан 2023 ж. 432 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930