Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жапониядан сүйікті сушиіңізді іздемеңіз

Жапониядан сүйікті сушиіңізді іздемеңіз

Шетелге барсақ, міндетті түрде мәдени шок аламыз. Ал Жапонияға барсаңыз, өзіңіз сүйіп жейтін сушиді таба алмайсыз. Себебі біз ұлттық тағамы деп жүрген жапон халқының сушиін америкалық, ресейлік, қазақстандық аспаздар өз қиялымен түрлендіріп, адам танымастай күйге жеткізген. Бұл сөзіміздің мәнін келесі абзацтардан түсінесіз.
Ешқандай даяшы сізге отыз түрлі сушиі бар үлкен мәзір ұсына алмайды. Себебі Жапонияда сушиді тек арнайы барда дайындайды. Ол жерде тұтынушылар аспазға қарама-қарсы отырып, дайындау барысын тамашалап, сонымен қатар аспазбен әңгіме өрбіте де алады. Сушиді автоматта дайындауды аспаздарға жылдап үйретеді, сол себепті бұл іске тек сүйсіне қарай аласыз. Болмаса, конвейері (бір жұмысшының істеген материалын қолдан-қолға жеткізу үшін тынымсыз жүріп тұратын машина) бар кафеден суши ала аласыз. Суши салынған тәрелкелер баяу жылжып отырады, сіз ішінен өзіңізге ұнағанын таңдап аласыз.
Жапонияда сушидің тек үш түрі жасалады: маки, нигири, сашими. Макиді барлығы білетін болар, оны біз классикалық ролл деп танимыз. Ол тек балық өзегі, күріш және балдыр қабығынан тұрады. Ал нигириді «шикі» балық секілді деп, көбінесе, біздің халық ұнатпайды. Ол шикі балықтың бетіне күрішті көмкеру арқылы дайындалады. Оған кейде күнжіт не соус қосуы мүмкін. Сашими – негізінен суши деуге де келмейді, себебі ол жай ғана балдырмен жабылған балық. Мұны көбінесе жапониялық суши сүйгіштер алады. Ал біз білетін сушидің өзге де мың түрі басқа халық аспаздарының ойдан шығарған мәзірі. Бәріміз сүйіп жейтін «Филадельфия», «Калифорния» секілді сушилер Жапонияға түк қатысы жоқ. Атауынан да аңғаруға болады. Сушиді бес-алты ингредиенттен жасау жапондардың ойына да кіріп-шықпайды. Нағыз суши қарапайым, тек үш-төрт ингредиенттен тұрады: балықтың бір түрі, күріш, балдыр. Кейде соус қосуы мүмкін. Жапонияда сушидің әртүрлі дәміне емес, дайындалатын азық-түлігі балғын (свежий) болуына баса мән беріледі. Креветка, лосось, қияр, авокадо, ірімшік қосылған үлкен роллдар америкалықтардың тапқан өнері.

06 қазан 2019 ж. 613 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930