Су астына кеткен қалалар
Атмосферадағы көмірқышқыл газының концентрацияның өсімі алдағы 80 жылда орташа ауа темературасын бес градусқа жоғарылатуы мүмкін. Би-би-си басылымы АҚШ және Ұлыбритания ғалымдарының зерттеуін жариялады. Ғалымдар алдағы 80 жылда орташа ауа температурасы 5 градусқа артып, адамзат өркениетіне елеулі әсер етеді деп болжауда. Ауа райының жоғарылауы дүниежүзілік мұхитты 62 мен 238 сантиметр аралығында көтерілуіне себеп болып, 1,79 миллион шаршы метр аумақты су басады. Ал бұл аймақта 187 миллион адам тұрады. Гренландия мұздықтарының еруі әлем мұхитының көтерілуінің басты себебі болмақ. Оған қоса, Антарктиданың Батыс және Шығыс аймақтарындағы мұздықтар да толық жойылудың алдында тұр. Егер аталған мұздықтар еритін болса ойпаң жерде орналасқан Ұлыбритания, АҚШ, Еуропа мен Азияның көптеген мемлекеттерінің аумақтары су астына кетуі мүмкін. Ірі өзендердің сағасында орналасқан қалаларға да едәуір қауіп төніп тұр. Дегенмен ғалымдардың болжауынша табиғаттың бұлай құбылуы тек 5%-ды құрайды. Ал тарихта су астына кеткен қалалар жетерлік. Солардың бесеуіне тоқталып өтсек. Данвич Данвич қаласы XI ғасырда Англияның ең ірі қалаларының бірі болған. XIII және XIV ғасырда болған теңіз дауылының салдарынан қаланың жағалық сызығы бүлініп, қала су астына кетті. Ондаған жылдар бойы Данвич тұрғындары қала су астына қалмас үшін қорғаныш ғимараттарын тұрғызған. Алайда бұл көмектеспеді. Кекова Түркияда орналасқан арал II ғасырда болған жер сілкінісінің нәтижесінде су астына кеткен. Аралдың солтүстігінде Долихисте қаласы орналасқан. Қала өз заманында дамыған елді-мекендердің бірі болған. Археологтар екі-үш қабатты үйлерді, моншалардың, су жинауға арналған цистерналардың және кәріз жүйесін тапқан. Шичен Қытайдың Чжэцзян провинциясында орналасқан Шичен су электр станциясын тұрғызу барысында жер бетінен жойылып кеткен. СЭС құрылысы кезінде бөгет жасалып, оның түбінде Шичен қаласы қалып қойған. Бұдан бөлек 27 қалашық, 1377 ауыл және мыңдаған үйлер су астында қалған. Осының салдарынан 300 мың қала тұрғыны үйлерін тастап, басқа қалаға көшуге мәжбүр болған. Байи Неапольдан 16 шақырым маңда орналасқан Байи ежелді Рим империясының ақсүйектері жиналатын қаласы болған. Табиғаты әдемі, суы мөлдір қалаға Римнің ақсүйектері мен бай-шонжарлары келуді ұнататын. Алайда қала сейсмикалық белсенді жерде орналасқандықтан бірнеше қуатты жер сілкінісінен соң су астына кеткен. Гераклион Аңызға сенсек, Мысырдың қақпасы саналған Гераклион қаласы Ніл өзенінің сағасында орналасқан. 3 мың жыл бойы су астында жатқан қалада бай-шонжарлар мен ақсүйектер тұрған. Ірі ғимараттар мен қазынаның көп болғаны соншалық, қала орналасқан жер салмақты көтере алмаған.
Massaget.kz