Гүл мен қыз. Бәйшешек пен көктем. Махаббат пен жастық шақ. Барлығы да адам жанына шаттық ұялататын егіз ұғымдар. Адамзаттың бәрі де бұларды әрдайым үкілі үмітпен, сарғайған сағынышпен күтеді. Әңгімемізге арқау болғалы отырған бәйшешекті де алты ай қыс бойы сағынған боларсыздар?...