Аманат арқалаған Айша
Ай мен Айша, бірі көк, бірі жерде. Бірақ екеуінің ойы бір, айтатын әнінің, шертетін мұң мен сырының тақырыбы ортақ. Талай түндерде боразданы соқаның тісімен қақ айырып, жер жыртып, дән сеуіп таң атқанша қос қолы рөлде қарысып қалатын жалғыз аруға көктен жар болып, жарығын төгіп тұратын жарықтық Ай ғана...