Адамзат тарихы білім мен апаттың бәсекесіне айналып барады
Америка жазушысы Теодор Драйзербылай депті:
Біздің заманымызда сөз қылар ештеңесі жоқ адам ғана өсекке ілінбейді.
***
Тірі жан атаулыда әйел тек әйелден ғана қорқады, қорыққанда да ақылдысы мен сұлуынан.
***
Жоқ, жан шошырлық жағыдайға тап болмай тұрғанда,
ақшаның бәрін көйлекке жұмсап үлгеру керек!
***
Бай адам қоңыраулы мысық секілді: тышқандар оның қайда, не істеп жүргенін біліп отырады.
***
Үлкен ақыл иелерінің өмірін де сұрқай бояулар бүркейтін сәттер болады.
***
Ол осы арадан нүкте қою керек дегенге өзін тағы сендірді.
Сөйтіп бұл ішкі тартыс мәңгілікке ұласты.
***
Сіз ағашқа қарап тұрып оның алыптығы мен күшіне қайран қаласыз,
ал кішкентай гүлді қош иістен басқа берері жоқ деп сөге көрмеңіз.
***
Төменге кететін жолда аялдама аз болады.
***
Өнер – жанның табан ет, маңдай термен сығып алған шырыны.
***
Қысқасы, өмірдегі басты нәрсе – сол өмірдің өзі.
***
Сөз – баста быжынап жатқан сансыз ойдың күңгірт көлеңкесі ғана.
***
Алтын креслода отырып күйіп кетуге кім келіспесін?
Ағылшын жазушысы Уэльс Герберт деген екен:
Таңертең тұрған соң сол күнге тиесілі жазуыңызды жаздыңыз, содан соң барлық хатқа жауап бердіңіз, енді екі қолыңыз алдыңызға симай ерігіп отырсыз – ішіңіз пыса бастады.
Міне, бұны махаббатқа арналған уақыт дейміз.
***
Адамзат тарихы білім мен апаттың бәсекесіне айналып барады.
***
Уақыт машинасы әрқайсымызда бар: өткен шаққа – естелік, болашаққа – арман апарады.
***
Жарнама – заңдастырылған өтірік.
***
Өзгеріс жоқ, тіпті өзгерісті қажетсінбейтін жерде ақыл өледі.
***
Өмірдің әр секундындағы ғажайып пен құпияны сағат пен күнтізбенің көлегейлеуіне жол бермеңіз.
***
Егер біз соғысты жоймасақ, соғыс бізді жояды.
***
Мынадай тамаша ауа-райында жерде тастап кеткен адам – нағыз ақымақ!
Тәржіман: Нұрлан Қабдайұлы