Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевқа

Қызылорда облысының әкімі Қ.Көшербаевқа

Құрметті Қырымбек Елеуұлы!
Сізді және бүкіл Қызылорда облысының жұртшылығын Астананың 20 жылдығымен шын жүректен құттықтаймын!
Тәуелсіз Қазақстанның символы саналатын бас қаламыздың айтулы мерейтойы – барша қазақстандықтарға ортақ қуаныш.
Сарыарқа төсіне қазығын қаққан еңселі елордамызды тұрғызуға бүкіл халқымыз жұмыла атсалысты.
Биыл бас қаланың туған күніне орай «Өңірлердің Астанаға тартуы» жобасы аясында Қызылорда облысы да ерекше сый жасады.
Зымырандық-ғарыштық техниканың ашық аспан астындағы музейі Қазақстанның ғарыш саласында жетекші мемлекеттердің бірі екенін айғақтайтын тамаша тарту болды.
Сыр өңірі жұртшылығының бұл сыйлығы қала тұрғындары мен қонақтары үшін қызықты әрі көрнекті орындардың біріне айналатынына сенімдімін.
Астананы көркейтуге зор үлес қосқан сізге және бүкіл Қызылорда облысының тұрғындарына шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!
Н.Назарбаев.      
14 шілде 2018 ж. 1 083 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№36 (9200)

06 мамыр 2024 ж.

№35 (9199)

04 мамыр 2024 ж.

№34 (9198)

30 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031