Ескі көлігін өткізгендерге жеңілдік беріле ме: Министрлік түсініктеме берді
зақстанда ескі автокөліктерді кәдеге жаратуға тапсырып, орнына жаңа көлік сатып алуға арналған жеңілдік сертификаттарын беру бағдарламасы іске қосылды деген ақпарат жоққа шығарылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жаңа ережелер бекітілгеніне қарамастан, бағдарлама аясында көліктерді қабылдау әзірге басталған жоқ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.
Министрлік «Жасыл даму» АҚ-мен бірлесіп, ел тұрғындары ескі көліктерін кәдеге жаратуға тапсырып, орнына жаңа көлік сатып алуға арналған сертификаттар ала алады деген ақпаратқа түсініктеме берді.
Ведомство қазіргі уақытта мұндай мүмкіндіктің жоқ екенін атап өтті.
Құжатта автокөліктер мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсырғаны үшін жеңілдік сертификаттарын беру тәртібі белгіленген.
Сондай-ақ отандық өндірістен шыққан көліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде сертификаттарды беру, қайта рәсімдеу және пайдалану қағидалары айқындалған.
Бұйрық 2026 жылғы 25 қазанда күшіне енеді. Алайда бұл күн бағдарламаның автоматты түрде іске қосылатынын білдірмейді.
Іріктеу аяқталып, тиісті келісімшарттар жасалғаннан кейін ведомство қосымша ақпарат жариялауға уәде берді. Атап айтқанда:
Экология министрлігі ел тұрғындарын тек ведомство мен «Жасыл даму» АҚ-ның ресми хабарламаларына сүйенуге шақырды.
Осылайша, ескі көлік иелері жаңа автокөлік сатып алу кезінде жеңілдік алуға үміттенбес бұрын, бағдарламаның іске қосылғаны туралы ресми хабарландыруды күтуі керек.
Еске салайық, 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстанда жаңа Салық кодексінің күшіне енуіне байланысты жеңіл автокөліктерге салынатын салық тәртібі өзгерді.

Жаңа ережелер бекітілгеніне қарамастан, бағдарлама аясында көліктерді қабылдау әзірге басталған жоқ. Бұл туралы Экология және табиғи ресурстар министрлігі мәлімдеді.
Министрлік «Жасыл даму» АҚ-мен бірлесіп, ел тұрғындары ескі көліктерін кәдеге жаратуға тапсырып, орнына жаңа көлік сатып алуға арналған сертификаттар ала алады деген ақпаратқа түсініктеме берді.
Ведомство қазіргі уақытта мұндай мүмкіндіктің жоқ екенін атап өтті.
25 қазаннан бастап не өзгереді?
Бұған 2026 жылғы 6 қазанда қабылданған Экология және табиғи ресурстар министрінің № 252 бұйрығы негіз болған.Құжатта автокөліктер мен өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникасын кәдеге жаратуға тапсырғаны үшін жеңілдік сертификаттарын беру тәртібі белгіленген.
Сондай-ақ отандық өндірістен шыққан көліктер мен ауыл шаруашылығы техникасын сатып алу кезінде сертификаттарды беру, қайта рәсімдеу және пайдалану қағидалары айқындалған.
Бұйрық 2026 жылғы 25 қазанда күшіне енеді. Алайда бұл күн бағдарламаның автоматты түрде іске қосылатынын білдірмейді.
«Бұл бұйрықтың қабылдануы бағдарламаның іс жүзінде іске қосылғанын және автокөліктерді кәдеге жаратуға қабылдау басталғанын білдірмейді», деді министрлік.
Ескі көліктерді қабылдау қашан басталады?
Қазіргі уақытта «Жасыл даму» АҚ пайдаланудан шыққан көлік құралдарын қабылдап, кәдеге жарататын қайта өңдеу кәсіпорындарын іріктеп жатыр.Іріктеу аяқталып, тиісті келісімшарттар жасалғаннан кейін ведомство қосымша ақпарат жариялауға уәде берді. Атап айтқанда:
- бағдарламаның іске қосылатын күні;
- автокөлік иелеріне қойылатын талаптар;
- көліктерді қабылдау пункттерінің мекенжайлары;
- жеңілдік сертификаттарын алу тәртібі.
Жаңа көлікке жеңілдікті қазір алуға бола ма?
Нормативтік қағидалар бекітілгенімен, жеңілдік сертификаттарын беру әзірге жүзеге асырылмайды.Экология министрлігі ел тұрғындарын тек ведомство мен «Жасыл даму» АҚ-ның ресми хабарламаларына сүйенуге шақырды.