ТАРИХ ТАРАЗЫСЫНДАҒЫ ТАҢДАУ
15 наурыз – күнтізбедегі жай ғана дата емес. Бұл – елдің ертеңіне атүсті қарамайтын жұрттың жүрегінде жаңғырып қалған, уақыттың таразысына түскен тағдырлы күн. Бір сөзбен айтқанда, ұлт жадында мәңгілікке мөрленіп қалады. Кешегі 15 наурыз дәл сондай күндердің қатарына қосылды.Қоғамдық санада үлкен серпіліс тудырған бұл күннің алдында ел ішінде ерекше қызығушылық байқалды. «15 наурыз референдум өтті» деген ілмек сөздің мәнін іздеп, оның астарындағы саяси һәм қоғамдық мазмұнды түсінуге ұмтылған мыңдаған адам Яндекс пен Google жүйелеріне жүгінгені соның айқын дәлелі. Анығында, халықтың енжар емес екенін, ел тағдырына қатысты шешімдерге немқұрайлы қарамайтынын көрсететін маңызды құбылыс. Демек, жұрт болып жатқан саяси науқанның сыртқы көрінісін ғана емес, оның мәні мен маңызын, тарихи салмағын, келешекке ықпалын білгісі келді.
Шын мәнінде, референдум – жай ғана дауыс беру рәсімі емес. Ол – халықтың мемлекет тағдырына тікелей араласып, демократиялық қоғамның тынысын танытатын, азаматтық жауапкершіліктің деңгейін көрсететін саяси тетік. Әрбір референдум – ел тарихының белгілі бір белесінде қабылданған тағдырлы таңдау. Сондықтан да кешегі өткен саяси науқанды тек бір күндік оқиға ретінде емес, уақыттың таразысына түскен ұлт шешімі ретінде бағалаған жөн.
РЕФЕРЕНДУМ – ХАЛЫҚ ЕРКІНІҢ АЙНАСЫ
Қазақстан Тәуелсіздік алған жылдардан бері республикалық деңгейде бірнеше маңызды референдум өткізді. Олардың әрқайсысы ел дамуының белгілі бір кезеңінде қоғам мен мемлекеттің алдында тұрған тарихи міндеттермен сабақтасып жатты.

Тәуелсіз Қазақстан тарихындағы алғашқы республикалық референдум 1995 жылдың 29 сәуірінде өтті. Себеп сол кездегі Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілеттігін ұзарту жөніндегі жалпыхалықтық таңдау болатын. Ол уақыт – жас мемлекеттің саяси жүйесі қалыптасып, экономикалық қиындықтарды еңсеруге ұмтылған күрделі кезең еді. Сондықтан бұл науқан сол дәуірдің саяси шындығымен, қоғамдық сұранысымен астасып жатты.
Сол жылдың 30 тамызында өткен екінші референдум ел тарихындағы ең маңызды бетбұрыстардың бірі болды. Жаңа Конституция қабылданып, Тәуелсіз Қазақстанның құқықтық, саяси, институционалдық негіздері нақтыланды. Бұл – мемлекеттіліктің берік қазығын қаққан шешім еді. Бүгінгі Қазақстанның саяси-құқықтық жүйесінің іргетасы дәл сол референдум арқылы бекітілді десек, артық айтқандық емес.
Үшінші республикалық референдум 2022 жылдың 5 маусымында өтті. Конституциялық реформаға байланысты бүкілхалықтық таңдау болатын. Жаңа Қазақстан құру идеясы аясында жүзеге асқан бұл саяси науқан қоғамдағы жаңару үдерісінің, мемлекеттік басқару моделін қайта пайымдаудың, азаматтардың саяси белсенділігін арттырудың нақты көрінісі болды. Бұл референдум елдің жаңа тарихи кезеңге қадам басқанын аңғартты.
Ал төртінші республикалық референдум 2024 жылдың 6 қазанында өтті. Ол Қазақстанда атом электр станциясын салу мәселесіне арналды. Тек энергетика саласының ғана емес, елдің экономикалық, экологиялық, технологиялық болашағына тікелей әсер ететін ірі стратегиялық шешім болатын. Сондықтан бұл референдум да халықтың тікелей қатысуымен қабылданған маңызды мемлекеттік таңдау ретінде есте қалды.
Осылайша, кешегі 15 наурызда өткен саяси науқан ел өміріндегі бесінші республикалық референдум ретінде тарих парағына жазылды. Оның маңызы – тек реттік санында емес. Оның маңызы – қоғамның саяси мәдениеті өсіп, азаматтардың елдік мәселелерге деген жауапкершілігі артып келе жатқанын көрсетуінде.
ТАҢДАУ ҺӘМ ТАҒДЫРЛЫ КҮН
Жылқы жылының 15 наурызы – ел жадында қалатын күндердің бірі. Өйткені бұл күн – саяси оқиға ғана емес, қоғамдық сана мен азаматтық ұстанымның сынға түскен сәті болды. Мұндай күндерде халық тек дауыс бермейді. Халық өз үнін білдіреді. Өз еркін танытады. Өз болашағына өзі жауапты екенін дәлелдейді.

Референдум – билік пен халық арасындағы сенім көпірі. Егер сол көпір берік болса, мемлекет те орнықты, қоғам да сергек болады. 15 наурыздағы саяси науқан осы сенімнің нығая түскенін байқатты. Халықтың ақпарат іздеуі, түсінуге ұмтылуы, белсенділік танытуы – мұның бәрі демократиялық сана қалыптасып келе жатқанын білдіреді.
Шиелі – ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісі
Өткен республикалық референдум Шиелі ауданында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, ашық әрі жария түрде өтті. Аудан бойынша барлығы 40 учаскелік референдум комиссиясы жұмыс істеді. Оның ішінде бір учаске аудандық аурухана базасында орналасқан жабық учаске ретінде ұйымдастырылды. Жалпы алғанда учаскелік комиссиялардың құрамында 272 комиссия мүшесі қызмет атқарып, саяси науқанның талапқа сай әрі ұйымдасқан түрде өтуіне өз үлестерін қосты.

Аудан бойынша дауыс беруге құқылы 49 167 азамат тіркелді. Әсіресе, референдум барысында жастардың белсенділігі ерекше байқалды. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын жас буынның азаматтық ұстанымы айқын көрінді. Атап айтқанда, 1091 жас алғаш рет дауыс беріп, ел болашағына қатысты тарихи шешім қабылдау процесіне қатысып, өздерінің азаматтық позицияларын білдірді. Референдумды ұйымдастыру барысында қоғамның барлық санаттағы азаматтарының құқықтарын қамтамасыз ету мәселесіне ерекше назар аударылды. Аудан бойынша 298 мүмкіндігі шектеулі азамат тіркелген. Олардың дауыс беру құқықтарын толық жүзеге асыру үшін арнайы шаралар қабылданды. Мәселен, инватакси қызметі ұйымдастырылып, қажет болған жағдайда азаматтардың үйде дауыс беруіне мүмкіндік жасалды. Нәтижесінде 337 азамат үй-жайынан тыс дауыс беру құқығын пайдаланды.
Сонымен қатар референдум күні 21 азамат есептен шығару куәлігі арқылы дауыс берді. Бұл да өз кезегінде азаматтардың қай жерде жүрсе де, өз таңдауын жасауына мүмкіндік беретін демократиялық тетіктердің тиімді жұмыс істеп тұрғанын көрсетеді.
Дауыс беру процесінің ашықтығы мен заңдылығын қамтамасыз ету кез келген саяси науқанның басты талаптарының бірі. Осы мақсатта барлық учаскеде қоғамдық бақылау кеңінен ұйымдастырылды. Жалпы саны 317 байқаушы дауыс беру учаскелерінде жұмыс істеп, референдум барысын бақылап отырды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы алғанда 15 наурыз күні өткен республикалық референдум Шиелі ауданында ұйымшылдық пен жауапкершіліктің үлгісін көрсеткен маңызды саяси науқан болды. Бұл шара аудан тұрғындарының ел тағдырына атүсті қарамайтынын, қоғамдық-саяси процестерге белсенді қатысуға дайын екенін көрсетті. Азаматтардың жоғары белсенділігі, ұйымдастыру жұмыстарының сапалы жүргізілуі және ашықтық қағидаттарының сақталуы референдумның сәтті өткенінің айқын көрінісі. Осындай маңызды мезетте Шиелі жұртшылығы елдік мүддені бәрінен биік қоя білетінін тағы бір мәрте дәлелдеді.

Сұлушаш МАДИЯРОВА