Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ ҚҰРЫЛЫС НЫСАНДАРЫНДАҒЫ ЖҰМЫС АЯҚТАЛУҒА ЖАҚЫН

Кеше аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының тапсырмасына сәйкес, облыс әкімінің орынбасары, аппарат басшысы, қала әкімі Қызылорда қаласындағы құрылыс нысандарын аралады. Мәслихат төрағасы да нысандардағы жұмыс барысын көріп шықты.
Алдымен физика-математика мектеп-интернатына барды. Мұнда ішкі әрлеу жұмыстары бітуге жақын. Қазіргі таңда техникамен жабдықталып, аумағы абаттандырылуда. Құрылыс басында 150 жұмысшы және 20 арнайы техника жұмылдырылған.
Одан кейін Сырдария өзенінің сол жағалауындағы тарихи-мәдени мұра орталығының құрылысын көрді. Нысанда жер қазу, іргетас құю, кірпіш қалау, шатыр жабыны толық аяқталған. Ішкі және сыртқы әрлеу, инженерлік жүйелерді және техникалық жабдықтарды орнату кестеге сәйкес орындалуда.
Әрі қарай музыкалық колледждің құрылыс алаңындағы жұмыс қарқынын бағамдады. Бүгінде жер жұмыстары, іргетас құю, кірпіш қалау бітіп, витраж орнатылған, су, кәріз, газ, электр желілерімен қамтамасыз етілуде.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі

06 мамыр 2025 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (9347)

21 қазан 2025 ж.

№79 (9346)

18 қазан 2025 ж.

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031