Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » «Аңсаған сәби» бағдарламасы арқасында 9 мың сәби дүниеге келді

«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқасында 9 мың сәби дүниеге келді

«Аңсаған сәби» бағдарламасы арқасында 9 мың сәби дүниеге келдіБұл туралы Үкімет басшысы Олжас Бектеновтың «Ілгерілеуге бастаған алты жыл: Қазақстан орнықты даму жолында» атты мақаласында айтылған, деп хабарлайды Egemen.kz
«2019 жылдан бастап өмір сүру ұзақтығы 73 жастан 75 жасқа дейін ұлғайды. Жалпы өлім-жітім 7,8%-ға, ана өлімі – 26,3%-ға, нәрестелердің шетінеп кету көрсеткіші – 15,8%-ға төмендеді. Бұған профилактиканың тиімділігін арттыру және скринингпен қамту деңгейін кеңейту ықпал етті», дейді О.Бектенов.
Сондай-ақ Үкімет басшысы Президенттің «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасының арқасында, бала сүйе алмаған отбасыларда 2021 жылдан бері 9 мыңнан астам сәби дүниеге келгенін жеткізді. Бұған қоса медицина саласы мамандарына жүзеге асырылған тиімді жобаларды атап өтті.
«Денсаулық сақтау жүйесінің кадрлық әлеуетін арттыруға, әсіресе ауылдық жерлерді қажетті мамандармен қамтуға ерекше назар аударылып келеді. Мәселен, ауылдық елді мекендерге кемінде 5 жыл мерзімге жұмысқа келген медицина қызметкерлеріне 8,5 миллион теңге мөлшерінде біржолғы ақшалай төлем енгізілді. Тұрғын үй мәселелерін шешудің қолжетімді құралдары бар», деді О.Бектенов.

17 наурыз 2025 ж. 302 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031