Жамбыл облысында 20 ауыл ауыз сумен қамтылады
«Осы жылы 20 елді мекенге ауыз су жүйесінің құрылысын жүргізу, сондай-ақ халық саны аз болуына байланысты Мойынқұм, Меркі, Қордай аудандарына қарасты 4 ауылға жергілікті бюджет есебінен кешенді блок-модуль орналастыру жоспарланған», дейді облыс әкімдігі энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Ғалым Исақов. Басқарма басшысы келтірген дерекке жүгінсек, қазіргі кезде ауыз сумен қалалықтардың 98 пайызы қамтылса, елді мекен тұрғындарының 97,8 пайызы таза су пайдаланып отыр.
Жамбыл облысы