Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Өсімдік майына сұраныс жоғары

Өсімдік майына сұраныс жоғары

Өсімдік майына сұраныс жоғарыСауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова «Джатеко» жапон компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, еліміздің зығыр және басқа да майларын Күншығыс нарығына экспорттау мүмкіндігін талқылады. Зығыр майына сұраныс біз күткеннен әлдеқайда жоғары болды. Тұтынушылар бұл өнімнің сапасын жоғары бағалап отыр. «Джатеко» компаниясының директоры Антон Кимнің айтуынша, оның денсаулыққа пайдалы қасиеттері майдың ерекше танымал болуына ықпал етті.
Бүгінде отандық зығыр майы жапондардың сеніміне ие болып, олардың күнделікті рационының ажырамас бөлігіне айналған. Жапонияның зығыр майына жыл сайынғы қажеттілігі – шамамен 10 мың тонна, бұл бұған дейін жіберілген көлемнен әлдеқайда асып түседі. Сұранысты қанағаттандыру үшін «Джатеко» жақын арада отандық зығыр майының импортын жылына 3 мың тоннаға дейін арттыруды, сондай-ақ сафлор, мақта майларын жеткізуді кеңейтуді жоспарлап отыр.
Кездесудің басты тақырыптардың бірі логистика мәселесі болды. Айжан Бижанова еліміздің Азия елдерімен тұрақты тауар айналымын нығайтуды көздейтінін айтты. Ол көлік маршруттарын оңтайландыру және жапондық серіктестер үшін күту уақытын қысқарту мақсатында Көлік министрлігімен және «ҚТЖ» ұлттық компаниясымен жұмыс кеңестерін өткізуді ұсынды.
Айта кету керек, 2024 жылдың алғашқы 9 айының қорытындысы бойынша еліміз өсімдік майларын экспорттауда елеулі өсім көрсетті. Қаңтар-тамыз айлары аралығында Жапонияға 93 тонна май экспортталып, 122,4 мың доллар кіріс түсті, бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,5 есе көп. Экспорттың негізгі бөлігін зығыр және күнбағыс майлары құрап, елімізге әлемдік нарықта тұрақты орын алуға жол ашты. Жалпы, осы сектордағы еліміздің тауар айналымының жалпы көлемі 321,9 млн долларды құрап, оның ішінде 297,5 млн доллар экспортқа тиесілі болды. Жапон нарығында сафлор және мақта майларына сұраныс туып отыр. Олардың жылдық қажеттілігі сәйкесінше 4 мың және 5 мың тоннаны құрайды. «Джатеко» компаниясы сафлор майының жеткізілім көлемін 1 мың тоннаға, мақта майын 2,5 мың тоннаға дейін арттыру ниеті бар екенін мәлімдеді. Бұл отандық өндірушілер үшін жаңа мүмкіндік беріп, екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайта түседі. Айжан Бижанова жапондық серіктестерге отан­дық өнімдерге деген қызығушылығы үшін алғыс білдіріп, Жапониямен сауда-экономикалық өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетудің маңыздылығын атап өтті. 
12 қараша 2024 ж. 98 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031