Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Абайлаңыз! Қазанда қай күндер қауіпті екені белгілі болды

Абайлаңыз! Қазанда қай күндер қауіпті екені белгілі болды

Абайлаңыз! Қазанда қай күндер қауіпті екені белгілі болдыҚазан айындағы магниттік дауылдар болуы мүмкін күндер аталды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

Магниттік дауылдар дегеніміз не?

Бұл – күндегі жарқылдардың әсерінен пайда болатын жердің магнит өрісінің бұзылуы. Ол бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылуы мүмкін. Бұл тербелістер байланыс жүйесі жұмысына, сондай-ақ барлық тірі ағзаларға, соның ішінде адам денсаулығына да жағымсыз әсер етеді.
Магниттік дауылдардың әсерін көбіне ауа райына тәуелді және созылмалы аурулары бар адамдар қатты сезеді. Бұл күндері көпшіліктің басы ауырады, қысымы көтеріледі және буындары ауырады.

Қазан айында қай күндері магниттік дауылдар болады?

Қазан айында бірнеше магниттік дауыл күтіледі. Алайда бұл болжам өзгеріп тұруы мүмкін, себебі жердің магниттік өрісі үнемі қозғалыста болады.
Ресей ғылым академиясының ғарыштық зерттеулер институтының күн астрономиясы және гелиофизикалық аспаптар зертханасы мен Ресей ғылым академиясының Сібір бөлімшесінің күн-жер физикасы институтының мәліметтері бойынша қазанда мына күндері магниттік дауылдар болуы мүмкін:
  • 5, 6, 10 және 27 қазан күні – әлсіз магниттік қозу;
  • 11, 12 және 22 қазан күні – магниттік дауылдар.    

Магнитті дауылдың әсерін қалай азайтуға болады?

Ол үшін мына ережелерді сақтаңыз:
  • таза ауада жиі серуендеңіз;
  • бұл күндері рационнан алкогольді сусындарды, кофе және майлы тамақты алып тастаңыз;
  • көбірек демалуға тырысыңыз, ұйқыны қандырыңыз;
  • қарама-қарсы (жылы-суық) душ қабылдаңыз;
  • су режимін сақтаңыз;
  • қандай да бір созылмалы ауруыңыз болса, дәрі-дәрмегіңізді жаныңызда ұстаңыз.



02 қазан 2024 ж. 58 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031