Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Президент Тәжікстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Президент Тәжікстан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

Қасым-Жомарт Тоқаев Эмомали Рахмонды Тәжікстанның Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысы құттықтау жеделхатында Президент Эмомали Рахмонның парасатты көшбасшылығымен Тәжікстанның маңызды саяси және әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүйелі түрде жүзеге асырып, мемлекеттілікті нығайту жолында сенімді қадам басып келе жатқанын, халықаралық аренада абыройы жоғары екенін атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мен Тәжікстан стратегиялық серіктестік және одақтастық рухындағы өзара тиімді қарым-қатынас орнатқанын, бұл екі халықтың мүддесіне сай келетінін жеткізді.

Мемлекет басшысы Тәжікстан Президентінің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас тәжік халқына бақ-береке тіледі.

Коллаж: Ақорда баспасөз қызметі

09 қыркүйек 2024 ж. 250 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930