Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ел оқушылары халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

Ел оқушылары халықаралық олимпиададан жүлделі оралды

Ел оқушылары халықаралық олимпиададан жүлделі оралды
Мысырдың Александрия қаласында информатикадан IOI-2024 халықаралық олимпиадасы мәреге жетті. Халықаралық білім бәйгесінде ел өрендері үш күміс және бір қола медальға қол жеткізді, деп жазады Egemen.kz.
IOI-2024-ке 90 мемлекет үміт артқан 350 оқушы қатысты.

Қазақстан құрамасы сапынан Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебінің 10-сынып оқушысы Максим Цой, Атырау облыстық №1 «Білім-Инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Мансұр Таймас, Алматы қаласындағы мектептің 11-сынып оқушысы Назар Серазитдинов күміс медаль иеленді. Ал Қызылорда облыстық «Білім-Инновация» лицей-интернатының 10-сынып оқушысы Ахмет Иса қола жүлде қанжығалады.

Оқу-ағарту министрлігі шәкірттерін жоғары жетістіктерге жетелеген команда жетекшілері Темірлан Сатылханов пен Айбар Қуанышбайға ризашылығын білдірді.

Айта кетейік, жалпы білім беретін пәндер бойынша халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтарға біржолғы сыйақы беріледі. Осы сында күміс медаль еншілеген 3 оқушыға – 1000 АЕК, қола медаль иеленген 1 оқушыға – 500 АЕК мөлшерінде ақшалай сыйақы табысталады.
06 қыркүйек 2024 ж. 337 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№23 (9390)

31 наурыз 2026 ж.

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930