Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны артты

Алматыда коронавирус жұқтырғандар саны арттыСоңғы жеті күнде қалада коронавирус жұқтырғандар саны едәуір артқан. Бұл туралы Алматы қаласы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды Egemen.kz. Эпидемиологтың айтуынша, ЖРВИ және тұмаумен сырқаттануға эпидемиологиялық қадағалау жүргізіліп жатыр, оған COVID-19 зертханалық зерттеулері де кіреді.
«Коронавирусты ерте анықтау мәселесі әлсіреген жоқ, қадағалау барлық жерде жүргізіліп жатыр. Қаңтар айының басынан бастап Алматыда тұрғындар арасында коронавирус ауруының 302 зертханалық расталған жағдайы тіркелді. Соңғы жеті күнде - 9 жағдай, бұл өткен аптада анықталған жағдайлардың санынан екі есе көп», деді Әсел Қалықова.
Сонымен қатар Қалықова қалада инфекцияға қарсы вакцина жоқ екенін атап өтті.
«Денсаулық сақтау министрлігі республиканы вакцинамен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар кешенін қабылдап жатыр», деп нақтылады эпидемиолог.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстанның бас санитарлық дәрігерінің міндетін атқарушы Нұрқан Сәдуақасовтың ауруханалардағы медицина қызметкерлеріне маска кию режимін қайтару туралы жарлығы жарияланған еді.
28 тамыз 2024 ж. 80 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031