Португалияда 5 балдық жер сілкінісі тіркелді

«Бұл табиғи апат біздің қажетті құралдарымыздың, дайындығымыздың бар-жоғын түсіндіреді. Сондай-ақ дайындықты тексеруге мүмкіндік береді», деді Португалия СІМ басшысы Паулу Рангел.
Дүмпулер таңғы 5-те тіркелді, олардың эпицентрі Синиш қаласынан батысқа қарай 58 км жерде, теңізде 21 км тереңдікте болды. Португалия теңіз және атмосфера институтының (IPMA) мәлімдемесінде жер сілкінісі адамдарға және олардың мүлкіне зиян тигізбеді делінген.