Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Павлодарда ернін үлкейткен тұрғын сотқа жүгінді

Павлодарда ернін үлкейткен тұрғын сотқа жүгінді

Павлодарда ернін үлкейткен тұрғын сотқа жүгіндіПавлодарда ернін үлкейткен тұрғын сотқа жүгінді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Pavlodarnews.kz-ке сілтеме жасап. 
Басылым дерегінше, биыл наурызда тұтынушы Instagram желісінен ерінді ылғалдандыру бойынша жарнаманы көріп, барып көруді шешеді. 
"Дегенмен косметологтың білікті маман емес екенін білмеген. Тұтынушы сапасыз косметологиялық процедурадан кейін екі апта бойы ерін массажына барды", - деп жазылған Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті хабарламасында.
Сот отырысында "косметолог" косметология бойынша курс оқығанын және тұтынушының ернін үлкейту кезінде оны модель ретінде қабылдағанын түсіндірген. Процедурадан кейін тұтынушының ерні қышып, ісінген. Кейін енгізілген препаратты түзету мақсатында тұтынушыға үш рет массаж жасалған. Осыдан кейін ғана "косметолог" тексеріп, тұтынушыға препаратты алып тастауды және ерінді түзетуді ұсынған, бірақ тұтынушы ұсыныстан бас тартқан, өйткені ол қызмет нәтижесіне риза болмаған.
"Оған 12 500 теңге сомасындағы қызмет құнының жартысы қайтарылған. Кейін қала тұрғыны препаратты шығару және ерінді түзету бойынша басқа косметологтардың қызметіне жүгінген", - деп жазылған деректе. Кейінірек сотта "косметолог" косметологиялық қызметтерді заңсыз жүзеге асырғанын мойындап, дерматокосметолог маманға сәйкес талаптар мен стандарттарды білмегенін мәлімдеген. Қазір ол косметологиялық қызмет көрсетпейді және жеке кәсіпкер ретінде тіркелмеген.
26 тамыз 2024 ж. 74 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031