Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 1 қыркүйекте 165 бала сабаққа бармайды – аға инспектор

1 қыркүйекте 165 бала сабаққа бармайды – аға инспектор

Денсаулық сақтау министрлігі өлім-жітім статистикасына қатты алаңдайды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. ОҚК-да өткен брифингте Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова сыртқы себептерден болатын өлім-жітім көрсеткіші жылдан жылға сол деңгейде қалатынын, төмендемейтінін айтты.
Сыртқы себептерден өлім-жітім көбіне көліктік жазатайым оқиғалардан (22%), кездейсоқ суға батудан (13,4%), биіктіктен құлаудан (5,4%) және отпен жазатайым оқиғалардан (5%) болады, - деді ол.
Сыртқы себептерден болатын өлімнің төрттен бірінің себебі – жол-көлік оқиғалары.
Биыл 7 айдың ішінде жол-көлік оқиғасынан 165 бала қайтыс болған. Қарапайым тілмен айтатын болсақ, 1 қыркүйекте 6-7 сынып сабаққа бармайды, - деді Әкімшілік полиция комитетінің арнайы тапсырмалар бойынша аға инспекторы Ақтоты Боранова.
Суға бату – Қазақстанда және тұтастай Еуропа өңірінде 14 жасқа дейінгі балалар арасындағы өлім-жітімнің маңыздылығы бойынша екінші сыртқы себебі.
Шомылу маусымы басталғаннан бері елде 46 бала суға батып кетті, 71 бала құтқарылды. Соңғы 10 жылда елімізде 700 бала суға кетті, - деді Өртке қарсы қызмет комитетінің бас маманы Жанна Дәренбекова.
Балалардың биіктіктен, оның ішінде терезеден құлауы – Қазақстандағы балалар арасындағы өлім-жітімнің маңыздылығы бойынша үшінші сыртқы себебі.
Өкінішке қарай, балалардың терезеден құлау жағдайлары 3 жылда 1,6 есе өсті. Биылдың 6 айында терезеден 223 бала түсті, оның 12-сі өлім-жітім, - деді Ембергенова.
26 тамыз 2024 ж. 65 0