Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » СЫР ӨҢІРІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІ

СЫР ӨҢІРІНДЕ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ СЕМИНАР ӨТЕДІ

Кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте ауылды дамыту тәжірибелеріне арналған республикалық семинар-кеңесті ұйымдастыру мәселелері талқыланды.
Аймақ басшысы тамыз айының 16-17 күндері өңірге Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров бастаған делегация келетінін хабарлады. Аймақта ведомство басшыларының, облыс әкімдері орынбасарларының, шаруа қожалықтары төрағаларының қатысуымен арнайы семинар-кеңес ұйымдастырылмақ.
«Семинар-кеңесте ауылды дамытудың озық тәжірибелері ортаға салынады. Бұдан бөлек, делегация өкілдері Қызылорда қаласындағы жаңадан салынған нысандарды, ауыл шаруашылығына қатысты өндіріс орындарын аралайды. Дүр Оңғар, "Таң", "Бесарық" ауылдарындағы жобалармен танысады. Нағи Ілиясов ауылында арнайы семинар-кеңес өтеді», - деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Мәжілісте облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына делегацияның жұмыс сапарын ұйымдастырып, семинарды жоғары деңгейде өткізу тапсырылды.
Мұнан бөлек, жиында егін жинау маусымына дайындық талқыланып, өнімді уақытылы әрі ысырапсыз жинап алу жайы пысықталды.

Қызылорда облысы әкімінің баспасөз қызметі
01 тамыз 2024 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№79 (9446).

17 қазан 2026 ж.

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031