Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті

Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлесті


Мемлекет басшысы Өзбекстан Президентімен телефон арқылы сөйлестіӘңгімелесу барысында Қасым-Жомарт Тоқаев Шавкат Мирзиёевті туған күнімен құттықтап, оған бақ-береке және Өзбекстан халқының игілігі жолындағы жауапты қызметіне табыс тіледі, деп хабарлайды Egemen.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы достық, тату көршілік және одақтастық қатынастарын нығайтуға Шавкат Мирзиёевтің қосқан зор үлесін жоғары бағалайтынын жеткізді. Президенттер екіжақты өзара ықпалдастықтың жоғары қарқынын атап өтіп, сауда-экономикалық, көлік-логистикалық, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттырудың перспективаларын талқылады. Тараптар аймақтық және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді қарастырды. Сондай-ақ жоғары деңгейдегі байланыстардың алдағы кестесін пысықтады.
24 шілде 2024 ж. 454 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

№57 (9424).

01 тамыз 2026 ж.

№56 (9423)

28 шілде 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31