Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Бүгін кей өңірде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін

Бүгін кей өңірде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін

Бүгін, 27 маусымда Алматы, Астана, Шымкент пен еліміздің тағы екі қаласында қолайсыз ауа райы болады деп болжанып отыр. Бұл туралы Egemen.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

Бүгін кей өңірде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін
Фото: kaztag.info

«2024 жылғы 27 маусымда Астана, Алматы, Шымкент, Павлодар, Балқаш қалаларында ауа ластанып, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі», делінген хабарламада.

Қолайсыз ауа райы жағдайлары – атмосфералық ауаның жер қабатында зиянды (ластаушы) заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеорологиялық факторлардың (тыныш, аз жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
Сондай-ақ синоптиктер Қазақстан аумағындағы синоптикалық жағдай мен қауіпті ауа райы құбылыстарының болжамын ұсынды.

«Солтүстік-батыс циклоны және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлімдер Қазақстан аумағы арқылы жылжып, нәтижесінде елімізде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, елдің батысында, солтүстік-батысында қатты жаңбыр жауады. Тек шығыста, Түркістан, Павлодар облыстарының орталығындаЖетісу облысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледіеліміздің батысында, солтүстік-батысында, солтүстігінде дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін», деп хабарлады метеорологтар.

Солтүстікте, Алматы облысының орталығында, Жетісу облысында, Түркістанның оңтүстігінде, Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында, Ұлытау, Абай облыстарының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының шығысында аптап ыстық күтіледі.
27 маусым 2024 ж. 180 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9242)

01 қазан 2024 ж.

№77 (9241)

28 қыркүйек 2024 ж.

№76 (9240)

24 қыркүйек 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031