Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 19 маусымға жасалған күн райы болжамы

19 маусымға жасалған күн райы болжамы

ҚР солтүстігінде, орталығында, оңтүстік-батысында антициклон әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады. ҚР қалған аймақтарына әлі де атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін тигізетін болады - найзағаймен жаңбыр жауады, еліміздің оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, батысында, оңтүстік-шығысында бұршақ, дауыл күтіледі. Республика бойынша желдің күшеюі күтіледі.

Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында қатты ыстық сақталады, Қостанай облысының оңтүстігінде, қатты ыстық күтіледі.

Маңғыстау облысында, Атырау, Ақтөбе облыстарының оңтүстігінде өте қатты ыстық сақталады.

Ақтөбе, Ұлытау облыстарында, Абай облысының солтүстігінде, орталығында, Қарағанды облысының батысында, орталығында, Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, орталығында, Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, шығысында, Маңғыстауоблысының жағалауында, Жетісу облысының солтүстігінде, Алматы облысының орталығында, жоғары өрт қауіпі сақталады.

Атырау, Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл,Қызылорда облыстарында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, Ақтөбе облысының батысында, оңтүстігінде, Алматы облысының батысында, Қостанай, Қарағанды, Абай облыстарының оңтүстігінде, Жетісу облысының шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады.
19 маусым 2024 ж. 178 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031