Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметінен мәлім болды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Хабарламада: «Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Олжас Сейтбатталұлы Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды», делінген.

1986 жылы дүниеге келген. Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, Қазақ инженерлік-техникалық академиясын тәмамдаған.

Еңбек жолын 2007 жылы Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталық маманы болып бастаған. 2015-2016 жылдары – аталған орталықтың бөлім басшысы.

2016-2020 жылдары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Еңбек ресурстарын дамыту орталығының басқарма басшысы, басқарушы директоры. 2020 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін – аталған ведомствоның Еңбек ресурстарын дамыту орталығының вице-президенті қызметін атқарды.
06 маусым 2024 ж. 334 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9445)

13 қазан 2026 ж.

№77 (9444).

10 қазан 2026 ж.

№76 (9443)

06 қазан 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031