Әскерилер халықаралық байқауға қатысып жатыр
Түркияның Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гюлермен бірге қатысушылардың әрекеттерін әскери атташе генераллейтенант Мұхамеджан Таласов және ҚР Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің Бас штаб бастығы генерал-майор Мереке Көшекбаев бақылауда.
Оқу-жаттығу барысында қазақстандық десантшылар түрік әскери қызметшілерімен бірлесіп шартты қарсыластың көзін жою міндетін орындады.
Оқу-жаттығу барысында қазақстандық десантшылар түрік әскери қызметшілерімен бірлесіп шартты қарсыластың көзін жою міндетін орындады.
35-десанттық-шабуылдау бригадасында қызмет атқаратын гвардия капитаны Мұрат Ибрагимов алдыңғы қатарлы авиа тасымалдаушылар DLIRIL-30 жүйесін және түнде көретін ASELSAN A-600 құралын қолдана отырып, түнгі уақытта қарсыласқа жасырын жақындау және армия авиациясын бағыттау жөніндегі тактикалық нормативтерді орындады.
Жергілікті жерді белгілеу тобына кіретін әскери қызметшілер ішінде жоғары кәсіби деңгейін көрсеткендер – аға лейтенант Данияр Қасымханов (18404 әскери бөлімі), гвардия аға лейтенанты Шерзод Ескермесов (32363 әскери бөлімі) және лейтенант Нұрлан Жантілеев (61993 әскери бөлімі). Жеке құрам шартты қарсыластың аумағында плацдармды басып алу міндетін атқарған шабуыл жасақтарымен армия авиациясы қонатын алаңдарға барлау жасады.
Түркиялық әріптестермен тапсырманы үйлесімді орындаған қазақстандық десантшылардың шебер іс-қимылдарының арқасында барлық нысан алынды. Бұл біріккен әскер тобының негізгі күштеріне келесі шабуылға көшуге мүмкіндік берді.
EFES-2024 халықаралық көпұлтты оқу-жаттығуы – өңірдегі ең ауқымды оқу-жаттығу екенін айта кеткен жөн. Ол тәжірибе алмасу және оған қатысушы елдердің бірлескен іс-әрекетін ұйымдастыру, сонымен қатар әскери қызметшілердің кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.
Сондай-ақ қазақстандық десантшылар Беларусьте кәсіби сынақтан өтіп жатыр. Олар теориялық емтиханнан кейін «Ерлік пен шеберлік» төсбелгісін тағу құқығын иеленуге үміткерлер келесі кезеңге өтті.
Жарысқа қатысушы 98 адамның ішінен сынақтың екінші кезеңіне 64 әскери қызметші жіберілді. Онда 100 метрге жүзуді, 20 келі жүкпен 100 метрге жүгіруді және белтемірдегі кешенді күштік жаттығуларды қамтыды.