Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Орал қаласының барлық оқушысы онлайн оқитын болды

Орал қаласының барлық оқушысы онлайн оқитын болды

Су тасқынына байланысты Орал қаласында барлық мектептер ертеңнен бастап онлайн оқытуға көшеді, деп хабарлады turkystan.kz Орал қаласы білім беру бөліміне сілтеме жасап.

Орал қаласының барлық оқушысы онлайн оқитын болды
 egemen.kz

Мәлімет бойынша, өңірдегі төтенше жағдай уақытында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесі осындай шешім қабылдады.

15 сәуірден бастап қала мектептері мен қосымша білім беру ұйымдарында оқу процесі онлайн форматта Bilimland.kz және Daryn.online платформаларында ұйымдастырылады. Оқушыларды техникалық оқыту құралдармен қамту жұмысы ойластырылуда. Ата-аналардан балалардың қауіпсіздігін үнемі қадағалау сұралады. Балабақшалар әзірге штаттық режимде жұмыс істейді, - делінген хабарламада.
14 сәуір 2024 ж. 81 0