Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Батыс Қазақстан облысында 1 мыңнан астам киік қырылып қалды

Батыс Қазақстан облысында 1 мыңнан астам киік қырылып қалды

Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданында 1 мыңнан астам киік қырылып қалды.


Фото: Бөкей ордасы ауданы әкімдігінен

Бөкей ордасы ауданының әкімі Нұрлыбек Даумовтың айтуынша, оқиға 12 сәуір күні кешкісін Мұратсай ауылдық округінде болды.
Ауыл маңындағы Мұратсай су қоймасынан 1 мыңнан астам киіктің өлексесі табылды.



«Сәуір айында осы Мұратсай ауылының тұсымен киіктер Жәнібек ауданына қарай төлдеу үшін өтеді. Әлсіз болды ма, әлде бірін-бірі тапап өлтірді ме, себебі белгісіз. Қазіргі кезде «Охотзоопром» мекемесі, «Бөкейордасы» табиғи резерваты, аудан және ауыл әкімдігі қызметкерлері, ветеринар мамандар судан өлекселерді шығарып, шұңқырға көму жұмыстарын жүргізбекші. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінен ғалымдар келмекші. Аудандық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма қызметкерлері судан сынама алды. Жағдай бақылауда. Оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде», деді Kazinform тілшісіне Н.Даумов.
14 сәуір 2024 ж. 192 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930