Алматыда жер сілкінді
«10 сәуірде 19-58-де Алматы қаласында 2 балл жер сілкінісі болды. Жер сілкінісінің эпицентрі мен баллдық нақтылануда», – деп хабарлады ТЖД өкілдері. Кейінірек «Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы» ҚР ТЖМ ЖШС мәлімет берді. Жер сілкінісінің ошағы Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай 484 километрде болған, афтершок. Жер сілкінісінің энергетикалық класы 13.6. MPV магнитудасы 6.0. Эпицентрдің координаттары 41.37° С. Е. 82.23° ш. б. Тереңдігі 10 км. Сезілуі туралы мәліметтер (МЅК-64 шкаласы бойынша): Алматы қаласы 2 балл, Кеген, Райымбек аудандары 3 балл. Еуропалық-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше, Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында жер сілкінген. Оның магнитудасы 5,7-ге тең болған.
Айта кетейік, бүгін, 10 сәуірде сағат 10:57-де Алматыдан оңтүстік-шығысқа қарай, Қытай аумағында жер сілкінісі тіркелген. Сейсмоинституттағылар бұл жағдайды афтершок деген. Алайда Қазақстан аумағында сезілмеген.