Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Талғат Нәрікбаев: Барлық университетті апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге шақырамын

Талғат Нәрікбаев: Барлық университетті апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге шақырамын

Талғат Нәрікбаев: Барлық университетті апаттан зардап шеккендерге қолдау көрсетуге шақырамын
Maqsut Narikbayev University басқарма төрағасы Талғат Нәрікбаев ел Президентінің су тасқыны салдарына қатысты үндеуі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Egemen.kz. Қиындыққа тап болған азаматтарды ел болып қолдауға шақырған ол университет атынан көмек қолын созуға дайын екенін атап өтті және барлық университетті апаттан зардап шеккендерді қолдауға шақырды.
«Мемлекет басшысының су тасқыны салдарына қатысты үндеуін тыңдап шықтым. Ашығын айту керек, қазіргі таңда қиын жағдайда қалған халқымызға жылы сөз айту өте маңызды. Президенттің тапсырмасымен халыққа көмектесу үшін Үкімет мемлекеттік материалдық резервті пайдаланатын болды. Сондай-ақ шығындарды өтеуді толығымен Үкімет жауапкершілікке алады. Апаттық жағдайда еліміздің бірлікте болуы маңызды, ал қиындыққа тап болған азаматтарды ел болып қолдауымыз керек. Біз де өз тарапымыздан университетіміздің атынан көмек қолын созуға дайын екенімізді білдіргім келеді. Арнайы қорларға қаражат аударамыз деп шешім қабылдадық. Барша университетті осындай апатты жағдайда қолдауға шақырамын», деп жазды Талғат Нәрікбаев өзінің Facebook парақшасында.
07 сәуір 2024 ж. 155 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№48 (9315)

01 шілде 2025 ж.

№47 (9314)

28 маусым 2025 ж.

№46 (9313)

24 маусым 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031