Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Премьер-министр: Бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен су тасқыны

Премьер-министр: Бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен су тасқыны

Премьер-министр Олжас Бектенов ТЖМ-нің Дағдарыстық жағдайларда басқару орталығында Төтенше жағдайлар министрінің есебін тыңдады. Аумақтық ТЖД-лар бейнеконференцияға байланыс режимінде қосылды, деп хабарлайды Egemen.kz Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Бұл – соңғы жылдардағы ең үлкен су тасқыны. Қазір бастысы – адам өмірін сақтап қалу және апат зардаптарын азайту. Кейін жекелеген лауазымды тұлғалардың өз қызметтік міндеттеріне салғырт қарауының ықтимал фактілерін анықтау мақсатында егжей-тегжейлі тексеру жүргізілетін болады. Бұл мәселені Бас Прокурормен талқыладым. Бүгінде барлық күш су тасқынына қарсы жұмыстарға жұмылдырылды. Бірінші орынбасарым Роман Скляр ең қатты зардап шеккен өңірлерде жүр», деді Премьер-министр.

Үкімет басшысы сондай-ақ солтүстік өңірлерде де су басу қаупі бар екенін атап өтті. Бұған дейін Солтүстік Қазақстан облысындағы су тораптарының жағдайы тексерілген болатын. ТЖМ басшылығына еліміздің барлық өңіріндегі жұмыстарға бақылауды күшейту тапсырылды.
29 наурыз 2024 ж. 259 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930