Мәулен Әшімбаев АҚШ Конгресі сенаторымен кездесті
Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев АҚШ Конгресінің сенаторы Стив Дэйнспен кездесті. Тараптар екіжақты парламентаралық ынтымақтастықты одан әрі нығайту мәселелерін талқылады. Кездесу барысында Қазақстан-АҚШ қарым-қатынасын дамытуда жоғары деңгейдегі мемлекетаралық тұрақты саяси диалогтың ықпалы зор екені айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz жоғарғы Палатаның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: Сенаттың баспасөз қызметі
Былтыр қыркүйек айында Қасым-Жомарт Тоқаев пен Джо Байден Нью-Йорктегі БҰҰ Бас Ассамблеясы алаңында өткен С5+1 саммитінде кездескен еді. Сондай-ақ өткен жылдың ақпан айында АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ресми сапармен келгені мәлім.
Кездесуде көпжақты және парламентаралық байланысты дамыту мәселелеріне де баса мән берілді.
«Екі елдің Президенттері өзара қарым-қатынасымыздың стратегиялық басымдықтарын белгілеп, Қазақстан-Америка байланысын әрі қарай дамыту үшін маңызды қадамдар жасады. Қазіргі уақытта екі мемлекет арасында қарқынды саяси диалог қалыптасқан. Сауда-экономикалық өзара іс-қимыл да белсенді дамып келеді және ауқымды шарттық-құқықтық база бар. Елдеріміздің лидерлері белгілеп берген тығыз ынтымақтастық басқа салаларда, оның ішінде заң шығарушы органдар арасында да жоғары деңгейде қолдау табуға тиіс», деді Мәулен Әшімбаев.
Сонымен қатар тараптар Парламент депутаттарының сауда-экономикалық ынтымақтастық бағытындағы бірлескен жұмысын және басқа мәселелерді талқылады.
Сенат Спикері Парламенттің Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету бағытындағы жұмысына, сондай-ақ, әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің Тұжырымдамасының іске асырылу барысына да тоқталып өтті.
Өз кезегінде Стив Дэйнс Қазақстанда жүргізілген кешенді жаңғыруларды жоғары бағалап, біздің елде демократияны дамытуға, жаңа экономикалық үлгіге көшуге, рухани дипломатияны өркендетуге арналған шаралардың тиімділігіне назар аударды және өзара бірлескен жұмысты жандандыруға бейіл екенін атап өтті.