Қызылордада ұлттық киімдердің сән үлгісі фестивалі өтті
Ұлттық киім күні аясында Қызылорда қаласындағы «Анаға тағзым» орталығында «Этно Fashion» облыстық сән үлгісі фестивалі өтті.
Фото: Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы
Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының қолдауымен өткізілген фестиваль мақсаты – ұлттық құндылықтар мен мәдени-мұраны насихаттау, жергілікті дизайнер-тігіншілердің креативті кластерлік жаңа жүйесін қалыптастырып, жұмысын қолдау. Сондай-ақ, фестивальде ұлттық киім түрлерін заман талабына сай этно стильде жаңғыртып, сұранысқа қажет үлгілерінің жаңа нұсқасын ұсыну насихатталды.
Фестивальге 17 дизайнер-тігінші қатысты. Әр дизайнер екі түрлі киім үлгісін ұсынды. Бірі – күнделікті киетін классикалық стильдегі заманауи этно киім үлгісі, екіншісі – сахналық, сәнді ұлттық киім. Стиль мен талғамға қарай, дизайнерлер ұсынған ұлттық киімдер бір-бірінен матасы мен тігісі, безендірілуі жағынан ерекшеленді. Атап айтсақ, олар ши құрақпен безендірілген этношапан, түймелері жылқы сүйектерінен әзірленген заманауи кеудеше, киізден тігілген шапан және өзге де дүниелерге назар аударылды. Жергілікті дизайнер-тігіншілердің жұмысын ұлттық киімдер дефилесінде 100-ге жуық модель қыз таныстырды.
Шара соңында қатысушыларға облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының «Алғыс» хаты және маталар үйінің арнайы сертификаты тапсырылды.