Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН БЕРЕКЕЛІ АУЫЛ

БІРЛІГІ ЖАРАСҚАН БЕРЕКЕЛІ АУЫЛ

Жуырда Шеген Қодаманов атындағы ауылда наурыз мерекесі аталып өтті. Тоқшылық пен береке-бірліктің тойы Қ.Молжігітов көшесінде ұйымдастырылды. Мерекелік шарада ауылдық округ әкімі Болат Баймағанбетов құттықтау сөз сөйлеп, жұртшылықты мерекемен құттықтады.

– Ұлттық құндылықтар ұлықталған Ұлыстың ұлы күні – әз-Наурыз мейрамы баршаңызға құтты болсын! Наурыз – ежелгі заманнан қалыптасқан жыл бастау мейрамы. Бұл күні тіршілік оянып, күн мен теңеліп, Табиғат-Ана жасарып, ерен еңбектің думаны басталады. Адамдар бір-бірімен сағынышпен қауышып, жылы лебізін білдіріп, ақжарма тілектерін айтады. Міне, дәл осындай әдемі көрініске куә болып тұрмыз. Осындай игі шараға атсалысқан ауыл тұрғындарына алғысым шексіз. Ендеше бәріңізге осынау мерейлі күнде шаңырақтарыңызға бақ пен береке, ырыс-құт енсін. Дастарқандарыңыз молшылыққа, шаңырақтарыңыз баққа толсын, – деді Б.Тұрматұлы.




Сондай-ақ мейрамға белсене қатысқан ауыл ақсақалдары сөз сөйлеп, әр отбасына амандық тілеп, жұмыста табыс тіледі. Тек ғана сөз сөйлеп ғана емес, жалпы жиналғандарға наурыздың мән-мағынасы жайында баяндады. Айта кетейік, думанды тойға «Төңкеріс К» шаруа қожалығының директоры Бауыржан Көпеев пен бас инженер Тұрар Әділов пен ұйымдастырушы Айдаһар Арыстанов демеушілік жасап, қолдау көрсетті. Ауылдың аурасынан мүлдем алыстағымыз келмеді. Арайлы таң атқаннан тіршілікке қамданған ауыл халқы тойға ерекше дайындалған. Қазақы нақыштағы ұлттық киімдер де көздің жауын алады. Жиналған қариялар, ақ жаулықты аналар амандық саулық сұрасып, бірін-бірі құттықтап жатты. Думанды кештің соңы Ш.Қодаманов ауылдық мәдениет үйінің үйірме мүшелерінің өнерлерімен жалғасты. Әсіресе, «Аrt life» өнер орталығының еңбегі орасан зор. Оқушылар әсем ән шырқап, бишілер мың бұралып мерекенің сәнін келтірді. Қазақы салт-дәстүрлер рәсімі де көрсетіліп, ұлттық спорттық ойындар да ойналды. Наурыз мерекесінің басты нышаны болып саналатын наурыз көже де ауыл тұрғындарына үлестірілді. Осылайша, бірлігі жарасқан, ынтымағы артқан ауылда наурыз мерекесі есте қаларлықтай өтті.

Айнұр ИБРАШЕВА
19 наурыз 2024 ж. 140 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930