2026 жылғы 25 қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы Жалпыұлттық аза тұту күні
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда такси жүргізушілері бағаны 40 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген

Алматыда такси жүргізушілері бағаны 40 мың теңгеге дейін көтеріп жіберген

   

Алматыда жер сілкінісінен кейін такси жүргізушілері бағаны 2 есе шарықтатып жіберген.


23 қаңтарға қараған түні жер сілкінісінен биік тұрғын үй кешенінде тұратын адамдар қала сыртына қарай ағылған еді. Алматы көшелерінде және жанар-жағармай құю бекеттерінің маңында көлік кептелісі болған.
Сондай-ақ әлеуметтік желілерде такси жүргізушілерінің жол жүру бағасын 2 есе қымбаттап жібергені туралы ақпарат тарады. Жүргізушілер қала тұрғындарын Ұзынағаш ауылына жеткізу үшін такси бағасын көтеріп жіберген.
Мәселен, ол ауылға әдетте 2 мың теңгемен баратын таксистер 20-50 мың теңге дейін сұраған. Бұл желі қолданушыларының ашуын туғызды.
Ел басына күн туғанда көмек берудің орнына, бағаны 40 мыңға дейін көтерген», «Біреулерді бақытсыздық асырайды» демекші, тексіз таксистер Алматыдағы ажиотажды пайдаланып, аспандағы бағаны айтып жатыр, – деп жазды желі қолданушылар. Еске сала кетсек, түнде Алматыда қуатты жер сілкінісі болып, қала тұрғындары үреймен көшеге шыққан болатын.
Фото: такси парктері қосымшасынан скриншот
​syrboyi.kz​​​
 
23 қаңтар 2024 ж. 476 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

№70 (9437)

15 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930