Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » 8 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды

8 қаңтарға ауа райы болжамы жарияланды


Фото: yandex.ru

«Қазгидромет» РМК Қазақстан аймақтарында 2024 жылғы 8 қаңтарда болатын  қауіпті метеорологиялық құбылыстарға болжау консультациясын жариялады.

Бұрынғысынша Қазақстан аумағында атмосфералық фронттардың өтуімен ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады, жауын-шашын жауады, солтүстігінде көбінесе қар бұрқасынмен, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында негізінен жаңбыр түрінде, солтүстігінде, Ақмола облысының оңтүстігінде, түнде Қостанай облысының солтүстігінде қалың қар болжанады. Қазақстан бойынша тұман, көктайғақ, екпінді жел күтіледі.

Абай облысының басым бөлігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары жел соғады деп күтілуде. Күндіз Жамбыл облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары жел соғады деп күтіледі. Солтүстік Қазақстан облысында оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады,  таңертең және күндіз облыстың оңтүстік-шығысында күші 30 м/с және одан да жоғары жел соғады деп күтілуде. Ақмола облысында оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстік-шығысында кей уақыттарда күші 30 м/с және одан да жоғары деп болжануда.
08 қаңтар 2024 ж. 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031