Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстан Францияға жылқы етін экспорттамақ

Қазақстан Францияға жылқы етін экспорттамақ


Үкімет басшысының орынбасары Серік Жұманғарин Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанның Ақордадағы кездесуі алдында франциялық делегациямен өткен келіссөздің кейбір тұстарына тоқталды, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

«Кеше француздармен жылқы етін экспорттау жөнінде әңгімелестік. Өйткені Франция – жылқы етін тұтынатын ел. Қазір бізде 32 жеткізуші Жапонияға жылқы етін апарып жүр. Енді Францияға жеткізілім көлемін арттыру керек. Кеше француз делегациясына жылқы етінен дәм татқыздық. Оларға ұнағандай болды», – деді вице-премьер.

Вице-премьердің айтуынша, елімізде жылқы етінің өндірісі қарқын алып келеді.

«Етті жылқы тұқымдары негізінен батыста – Көшім және Мұғалжар нәсілдері. Қазір тәжірибелік стансалар базасында Ақтөбеде мал шаруашылығы институтының жеке филиалын ашпақшымыз. Ол филиал тек жылқы шаруашылығымен айналысады», – деді Серік Жұманғарин.
02 қараша 2023 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№67 (9434).

05 қыркүйек 2026 ж.

№66 (9433).

01 қыркүйек 2026 ж.

№65 (9432)

29 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930