Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыда Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі өтті

Алматыда Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі өтті



Алматыда Абай атындағы қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында мемлекет және қоғам қайраткері Бердібек Сапарбаевпен қоштасу рәсімі өтті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Шараға Бердібек Сапарбаевтың туған-туыстары, достары, әріптестері мен достары, мемлекет және қоғам қайраткерлері қатысты.


Премьер-министр Әлихан Смайылов Бердібек Сапарбаевты барлық әкімнің ағасы деп атайтынын айтты.


Көңіл айтуға Алматының әкімі Ерболат Досаев барды. Ол Бердібек Сапарбаевтың жарқын бейнесі халық жүрегінде мәңгілік сақталатынын айтты.

Бердікбек Сапарбаев әр жылдары Қазақстанның бес облысының, яғни Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақтөбе және Жамбыл облыстарының әкімі болды. Салтанатты шараға қазіргі облыс басшылары қатысты.

Сапарбаев екі рет Премьер-министрдің орынбасары қызметін атқарды.

Қоштасу рәсімінің алдында белгілі саясаткердің әріптестерінің қатысуымен митинг өтті.

Кейін молда Жаназа намазын оқыды.

Бердібек Сапарбаев Кеңсай-2 зиратына жерленеді. Марқұмның туыстарының айтуынша, онда 2002 жылы апаттан қайтыс болған Сапарбаевтың үлкен ұлы жерленген.

12 маусым 2023 ж. 231 0

Қоғам

АЛТЫН ДӘН ДАЛАСЫ

16 қыркүйек 2025 ж.

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930