Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда қаласында алғашқы IТ-park құрылды

Қызылорда қаласында алғашқы IТ-park құрылды


2017 жылдың желтоқсан айында Қызылорда қаласында алғаш рет ұйымдастырылған "HаckDаy-2017" аймақтық фестивалі өңірдегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында талантты жастардың көп екендігін дәлелдеп, алғашқы ІТ-Парктің құру қажет екендігі айқын сезілген болатын.

Ағымдағы жылдың 20 сәуірінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен құрылған республикалық арнайы мониторингтік топ Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасындағы Қызылорда облысындағы алғаш рет ашылған ІТ-парктің қызметімен танысты.
ІТ-парк қызметінің мақсаттары:
- ІТ талантты жастардың ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы стартап жобаларын қолдау мен дамытуға;
- техникалық-лабораториялық шеберханаларда түрлі роботехникалық прототиптердің өндірістік жобаларын әзірлеу мен тестілеуге;
- түрлі лабораториялық симулятор, контроллер мен видеопанельдерде 2D, 3D графикалық жобалардан VR/AR технологиялар бойынша бастамаларды әзірлеу мен өндірістегі қолданысын тестілеуге;
- ІТ жобалардың дамуы мен технологиялық тиімділігін арттыру бойынша коворкинг орталығы қызметін іске қосуға;
- түрлі бағдарламалық оқу курстарын ІТ академиялық оқу орталығының базасында іске қосуға;
- ақпараттық-бағдарламалық өнімдер жасап шығаруға, өндіріс және облыс дамуының салаларын автоматтандыруға және оларға қызмет көрсетуге бағытталған.
ІТ-паркте республикалық арнайы мониторингтік топ мүшелері Сыр елі өнертапқыштарының жұмыстарымен танысып, презентацияланған ІТ жобалар бойынша сұрақтарын қойып, ұсыныстарын білдірді. Республикалық топ мүшелері ІТ-парктың өскелең ұрпаққа берер пайдасының мол екендігін және жастардың тың идеяларын жүзеге асыруда рөлінің ерекше екендігін атап өтті.
Сондай-ақ, кітапхана ғимаратында орналасқан "Шаңырақ" интеллект-орталығы да топ мүшелеріне ерекше әсер қалдырды. Ұлттық нақыштағы киіз үй ішінде орналасқан "Шаңырақ" интеллект-орталығы жастардың компьютерлік сауаттылығын арттыру және түрлі компьютерлік бағдарламаларды игерумен қатар кітапханаға келушілерге және тұрғындарға мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді тегін көрсетуде.
23 сәуір 2018 ж. 2 503 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930