Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәулен Әшімбаев Наурыз мерекесімен құттықтады

Мәулен Әшімбаев Наурыз мерекесімен құттықтады



Мәулен Әшімбаев Наурыз мерекесімен құттықтады.

«Баршаңызды Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Әз-Наурыз – қуаныш пен шаттықтың, жаңару мен жаңғырудың мерекесі. Тереңнен тамыр тартатын бұл мейрамды жақсылық пен жасампаздыққа ұмтылудың нышаны деп қабылдаймыз. Ұлыстың ұлы күнінде ұлттық құндылықтарымыз төрге шығып, салтымыз бен дәстүріміз дәріптеледі.
Шын мәнінде, халқымыз Наурыз айын жылдың басы деп қашанда ерекше көңіл-күймен қарсы алған. Осы күндері ағайын-туыстың басы қосылып, бұлақтың көзін ашу, ағаш отырғызу сияқты ізгі амалдар жасалған. Мұның бәрі – елдің ырысын арттырып, ынтымағын нығайтатын, ұрпақты татулық пен тазалыққа үндейтін игі істер.
Осындай тағылымы зор, өнегесі мол мерекеде әр шаңыраққа амандық пен бақ-береке тілеймін! Әз-Наурыздағы ақжарма тілектер қабыл болсын! Жыл жақсылығымен келсін!
Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!», делінген құттықтауда.
21 наурыз 2023 ж. 227 0