Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Құрманғазының күйлеріне негізделген жаңа мультсериал жарыққа шықты

Құрманғазының күйлеріне негізделген жаңа мультсериал жарыққа шықты



Құрманғазы күйлері «Дала шырқауы» жаңа анимациялық жобасында қайта жанданады.

Сериалдың бірінші маусымы 13 бөлімнен тұрады. Мультсериал қазақ күйшісі Құрманғазы күйлерінің тарихын баяндайды. Атап айтқанда, сериал әйгілі күйшінің өмірінде із қалдырған оқиғаларды: XIX ғасырдағы қазақ халқының өз жерін қорғау әрекеті мен оның отаршылдардан көрген азабын баяндайды.
Жобаны Tasqyn Studio дайындаған. Компания өкілдері бұл туындыны – қазақ музыкасының дәстүрін анимацияда бейнелеудің алғашқы қадамы деп бағалап отыр.
«Біз халқымыздың мәдени мұрасын қалың жұртшылыққа танытып, талғампаз қазақ көрермендерімен қатар барлық ұлттар мен әр жастағы көрермендер арасында қазақ мәдени-этникалық мұрамызға деген қызығушылықты оятқымыз келеді», деді студия қызметкерлері.  
Сериалдағы күйлерді күйші Абылай Тілепберген орындаған. Ал сценариі нақты тарихи оқиғалар мен мифтік аңыздарға негізделген.
Жалпы анимациялық сериалдың бірінші маусымы 13 бөлімнен тұрады. Әр эпизод 40 минутты құрайды. 
17 наурыз 2023 ж. 405 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930