Үкімет отырысында не айтылды?
Мемлекет басшысының «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Жолдауынан кейін бірқатар министрліктер айтылған сын-ескертпелерге қатысты кешенді шаралар қабылдауға кірісіп кетті. Мәселен, апта аяғында өткен Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жанжалдасқан отбасылар көше тазалап, жол салатынын айтса, оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектептерде бірнеше пәннің оқыту сағаттары көбейетінін айтты.
Бес пәнге басымдық беріледі
Атап айтсақ, Президент жаратылыстану-математика және тіл пәндеріне басымдық беруді тапсырғаннан кейін, математика, физика, химия, биология пәндерін оқыту сағаттары артатын болды. «Оқу бағдарламалары жаңартылады. 2024 жылдан бастап халықаралық тәжірибеге сәйкес, 3-сыныпта ағылшын тілін оқыту бойынша сағаттар санын ұлғайту және қазақ, орыс тілдерін меңгеру үшін қажетті оқу жүктемесін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылданатын болады», – деді Асхат Аймағамбетов. Сондай-ақ министр келесі жылы бұрын болмаған көлемде мектептердің құрылысы басталатынын айтты. «Мысалы, тек елордада келесі жылы осы жоба аясында біз 20 жаңа мектептің құрылысын бастауды жоспарлап отырмыз. Олардың әрқайсысы 2 мың орынға есептелген. Президенттің тапсырмасына сәйкес, әлеуметтік осал отбасы балалары мектеп формасымен тегін қамтамасыз етіледі», – деп толықтырды министр.
Келесі бір білім саласындағы жаңалық «Жайлы мектеп» жаңа ұлттық жобасының қабылдануы. Ұлттық жоба аясында 2025 жылға қарай 800 мыңнан аса оқушы орны іске қосылып, үш ауысымды және апатты мектептер мәселесін шешілмек. Аталған мектептер заманауи пәндік кабинеттермен, жеке спорт залдар мен асханалармен қамтамасыз етіледі.
Денсаулық саласына қомақты қаржы керек
Мемлекет басшысы Жолдауында денсаулық сақтау саласына қаржының жеткілікті бөлінбеуінің салдарынан азаматтар сақтандыру жүйесіне қосылса да оларға медициналық қызметтер толық көлемде көрсетілмей отырғанын атап өткен болатын. Осыған сәйкес денсаулық сақтау министрі саланы қаржыландыру тәсілдерін қайта қарап, мынадай іс-шараларды іске асыру ұсынылып отырғанын айтты: Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шығыстарын (жыл сайын шамамен 200 млрд теңге) және халықтың 15 жеңілдікті санаты үшін мемлекеттің медициналық сақтандыру жүйесіне аударатын жарналарын қосымша қаржыландыру мәселесін пысықтау; Қаражатты әкімшілендіруді оңайлату және оны тиімді пайдалану үшін тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі пакеттерінің қаржылық шығынын біріктіруді заң бойынша реттеуді іске асыру.

Одан басқа ҚР Президенті 2023 жылдан бастап ауыл тұрғындарының медициналық көмекке сұранысын қанағаттандыруға арналған ұлттық жоба іске асырылмақ. «Осы мақсатта біз «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасын іске қосу және іске асыру үшін тиісті есептемелер жүргізіп, қажетті шараларды айқындадық.
Ұлттық жобаның негізгі мақсаты: барлық ауылдық елді мекендерді нормативтерге сәйкес алғашқы медициналық-санитарлық көмек ұйымдарымен қамтамасыз ету есебінен қалалық және ауылдық денсаулық сақтау арасындағы алшақтықты қысқарту. Сондай-ақ ауыл тұрғындарына шұғыл медициналық көмекті уақытылы көрсетуді арттыру болып табылады», – деді денсаулық сақтау министрі. Ұлттық жоба аясында 655 алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектісін салу, оның ішінде жаңа 228 объект және қолданыстағы алғашқы медициналық-санитарлық көмек объектілерінің орнына 427 объект салу, 32 көп бейінді орталық аудандық ауруханаларды ұйымдастыру, оның ішінде қолданыстағы 12 аурухананы жетілдіру қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар «Алтын сағат» қағидатын сақтай отырып, инфаркт, инсульт, босану, жарақаттар кезінде және басқа жағдайларда шұғыл медициналық көмек көрсете алатын, сондай-ақ ірі қалаларға бармай-ақ, телемедицина және қашықтықтан медициналық қызметтер арқылы мамандандырылған және жоғары технологиялық медициналық көмек көрсете алатын жаңа көп бейінді орталық аудандық ауруханалар ашу қамтамасыз етілмек. Бұл жұмыстар арқылы министрлік ауыл тұрғындары арасында қан айналымы жүйесі ауруларының өлім-жітімін 20 процентке төмендетуді, 4 миллионнан астам ауыл тұрғындарын сапалы, жедел және жоғары технологиялық медициналық көмекпен қамтамасыз етуді көздеп отыр.
Мұнан бөлек А.Ғиният Жолдаудың бір бағыты дәрігерлерді дайындау жүйесін жетілдіру екендігін айтып, Президенттің тапсырмасын іске асыру аясында медициналық жоғары оқу орындарының жанынан көп бейінді университеттік аурухана мен клиника ашу қарастырылатынын айтты. Сонымен қатар министрлік үш жыл ішінде резидентураға бөлінетін грант санын жыл сайын 70 процентке, 2023 жылы 1 мың 700 болса, 2025 жылы 3 мың 400-ге дейін көбейтуді жоспарлап отыр.
Жас кәсіпкерлерге жеңілдетілген несие беріледі
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болса, «Министрлік тарапынан Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын іске асырудың нақты алгоритмі әзірленді» деп отыр.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова болса, «Министрлік тарапынан Мемлекет басшысының барлық тапсырмаларын іске асырудың нақты алгоритмі әзірленді» деп отыр.
Мәселен, Отбасының цифрлық картасын енгізу жөніндегі тапсырманы іске асыру аясында қыркүйектен бастап жәрдемақылар мен әлеуметтік төлемдердің 9 түрі пилоттық режимде іске қосылған. Ал осы қыркүйек айының соңына дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жастар кәсіпкерлігіне жылдық 2,5%-бен жеңілдікпен микрокредит берудің жаңа тетігін енгізу үшін есептерді ұсынбақ. Сондай-ақ «Ең төменгі жалақыны 70 мың теңгеге дейін арттыру жөніндегі тапсырманы орындау аясында осы жылғы қыркүйекте «2023-2025 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» заң жобасына өзгерістер енгізілмек.
100 мың жас жұмыспен қамтылады
Келесі жылы 100 мың жасты түрлі жұмыспен қамту шараларымен қамтамасыз ету жөніндегі тапсырманы іске асыру аясында осы жылдың қазан айында кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба шеңберінде жұмыспен қамтуға жәрдемдесудің белсенді шараларының тетіктері қайта қаралатын болады. Бұдан басқа осы жылғы желтоқсанда «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйверлері» ұлттық жобасы аясында қандастардың қоныс аударуын ынталандырудың және ішкі көші-қонды реттеудің арнайы бағдарламаларын әзірлеу аяқталады.

Әйелдердің зейнет жасы – 61 жас
Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшерін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70% көлеміне дейін, ал ең жоғары мөлшерін 120%-ке дейін кезең-кезеңмен арттыру және әйелдер үшін зейнетақы жасын белгілеу жөніндегі тапсырмаларды орындау мақсатында осы жылғы қазаннан бастап, 2023 жылдан 2028 жылға дейін 61 жас деңгейінде БЖЗҚ-дан тағайындалатын зейнетақы төлемдерін есептеу алгоритмі түзетілетін болады. Осы жылдың желтоқсанында ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы аясында зейнетақы жүйесінің параметрлерін өзгерту және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы тағайындау және төлеу бойынша ақпараттық жүйелерді дайындау көзделген.
Бала күтімі бойынша төлем бір жарым жасқа ұлғайтылды
Ал бала күтімі бойынша төлем кезеңін бір жарым жасқа дейін ұлғайту жөніндегі тапсырманы іске асыру үшін биылғы қыркүйектен қазанға дейін жұмыс істемейтін аналар үшін республикалық бюджеттен қосымша қаржыландыру қажеттілігі бойынша есептеулер ұсынылады және жұмыс істейтін ата-аналар үшін МӘСҚ-тен төленетін әлеуметтік төлемдерді есептеу алгоритмі түзетіледі. «Биыл желтоқсанда ҚР Әлеуметтік кодексінің жобасы аясында балалы отбасыларды қолдау жүйесінің параметрлерін өзгерту және 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлемдерді тағайындау және төлеу бойынша ақпараттық жүйелерді дайындау көзделген», – дейді Тамара Дүйсенова.
Себепсіз жанжалдасқан отбасылар көше тазалап, жол салады
Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жанжалдасқан отбасылар көше тазалап, жол салатынын, ал тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі зардап шеккендердің арызынсыз да тіркелетінін айтты.
Үкімет отырысында ішкі істер министрі Марат Ахметжанов жанжалдасқан отбасылар көше тазалап, жол салатынын, ал тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі зардап шеккендердің арызынсыз да тіркелетінін айтты.
«Әкімшілік жаза мен ескертуді қоғамдық жұмыстармен ауыстыру мәселесі пысықталып жатыр. Бұл көшелерді, қоғамдық аумақтарды тазарту, жол салу және жөндеу, қала аумақтарын абаттандыру, сондай-ақ басқа да қоғамдық пайдалы жұмыстар», – деді министр. Министірдің айтуынша, жазаның бұл түрі мінез-құлықты бақылауға әсерін тидіреді.
Сонымен бірге, министр тұрмыстық зорлық-зомбылықты жәбірленушілердің арызынсыз тіркеуді ұсынды. Яғни тұрмыстық құқықбұзушылықтар енді тіркеу сипатынан анықтау сипатына ауыстырылады. Бұл полицияға жәбірленушілердің шағымынсыз – тұрмыстық зорлық-зомбылық дерегі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қозғауға мүмкіндік береді. Ал бұдан былай жанжалға қатысушыларды қамауға алу 5 тәулікке, қайталанатын қылмыстар үшін қамауға алу мерзімі 25 тәулікке дейін ұлғайту жоспарланған.
Рамазан ӘНӘПИЯ