Аймақ басшысы ауданда
Сейсенбі күні облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың аудандарға жасап жатқан жұмыс сапарының легі Шиелі ауданында жалғасты. Ол мұнда тұрғындармен кездесіп, азаматтармен жеке қабылдау өткізді, сондай-ақ Ақмая, Алғабас ауылдарын көгілдір отынға қосу салтанатты іс-шарасына қатысты.
Мемлекет басшысының Жарлығы аясында өңірлерде кездесу өткізіп жүрген аймақ басшысы Шиелі ауданына келмес бұрын Арал, Қазалы, Қармақшы, Жаңақорған аудандарында халықпен кездесулер өткізген болатын. Сондықтан болар Шиелі ауданының халқы «Арман» мәдениет үйінде өткен облыс әкімімен кездесуге қатысып, ауданның даму жолындағы өздерінің ұсыныстарымен сын-ескертпелерін айтуға асықты.

Аталған жиынның негізгі спикері облыс әкімі болса алдымен әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне тоқталып, алдағы уақытта атқарылуы тиіс міндеттерді атап өтті. Инвестиция тарту мен ауыл шаруашылығындағы өзекті мәселелерге де ден қойды.
– Өздеріңіз білетіндей, өңірдің дамуына ерекше серпіліс беріп келе жатқан мұнайдың өндірілуі соңғы жылдары күрт азайып кетті. 2007 жылы Қызылорда облысында 11,7 млн тонна мұнай өндірілсе, 2022 жылы 3,5 млн тонна ғана мұнай өндірілмек. Дегенмен біз оның жаңа көздерін анықтау мақсатында геологиялық зерттеу жұмыстарын бастадық. Оған республикалық бюджеттен 3,2 млрд теңге қаржы бөлінді. Десек те біз тек мұнай мен басқа да қазба байлықтарға сеніп, өзге салаларға назар аудармасақ, өңірдің болашағы бұлыңғыр болмақ. Сондықтан биыл аймаққа 350 млрд теңге инвестиция тартуды көздеп отырмыз. Оның ішінде индустриялды-инновациялық даму бағдарламасы аясында құны 9 млрд теңгені құрайтын 5 жобаны іске қосып, 258 жұмыс орнын ашу жоспары да бар. Ал су тапшылғын жою үшін үкіметтен облысқа 3,6 млрд теңге бөлініп, оның 465,6 млн теңгесі Шиелі ауданына жұмсалды. Бұл қаражатқа аудандағы жалпы ұзындығы 81 км болатын 6 бірлік канал тазаланып, 15 дана насос қондырғылары орнатылды. Сонымен қатар азық-түлік тапшылығы мен қымбатшылығын болдырмау мақсатында менің тапсырмаммен егін егуге ынталы азаматтарға бос жатқан жерлер үлестіріліп берілді. Нәттжесінде Шиелі ауданында жоспардан бөлек 81 мың гектар жерге қосымша егін егілді, – деді облыс әкімі.
Ал күріштің көлеміне келер болсақ, облыс әкімі күрішті аймақ үшін оның көлемін сақтап қалудың қаншалықты маңызды екенін былай жеткізді:
– Бір кездері түрлі қиыншылықтарға байланысты 5-6 мың га алқапқа ғана әзер күріш еккен шиелілік диқандар соңғы жылдары егіс көлемін 12 мың гектарға жеткізген. Бұл үлкен еңбек, маңдай термен қажыр-қайрат! Бұл елдің несібесі, ырысы, байлығы. Бірақ, су тапшылығына байланысты облыс әкімдігі тарапынан жыл басында шиелілік диқандарға сыр салысын 8 мың гектарға дейін қысқарту ұсынылған. Мен осындағы ел-жұрттың талап, тілек-өтінішін ескеріп, егіс көлемін қысқартпауға келістім. Қажетті су көлемін жеткізіп беру үшін жұмыс жасадық. Бүгінгі таңда шиелі диқандары үшін судан проблема болмауы тиіс. Елдің ырысы ортаймасын.
Шиелі ауданында жұмыссыздық деңгейі төмендейді
Аймақ басшысының айтуынша жұмыссыздықты төмендету үшін көптеген шаралар қабылданып жатқан көрінеді. Мәселен биыл тұрғындарды жұмыспен қамту мақсатында өңірде 30 мың 490, Шиелі ауданында 3623 жұмыс орнын ашу жоспарланған. Осы жылдың 5 айының өзінде ауданда 1300 жаңа жұмыс орны (588 тұрақты) ашылыпты.

Сондай-ақ аймақтағы ірі кәсіпорын еңбеккерлерінің құқықтарының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында 49 меморандумға қол қою жұмыстары да жүруде. Ал «Балалар жылының» аясында аудандарда 30-дан астам спорт-ойын алаңдары пайдалануға берілмек.
Айтылған ұсыныстар назардан тыс қалмайды
Облыс әкімінің баяндамасынан кейін кездесу сұрақ-жауап кезеңіне ауысты. Бұл кезеңде қазақ күресінен әлем кубогының жеңімпазы Бекжан Төлеп Шиелі кентінің теріскей бетіне заман талабына сай спорт кешенін салуды ұсынса, Қарғалы ауылының тұрғыны Қарғалы мен Шиеліні жалғайтын көпір салу мәселесін көтерді. Ал Ақтоғандық ақсақалдың жер дауына қатысты өтінішін облыс әкімі назарға алып, жерді ауыл азаматының еншісіне берерде құжаттарға мұқият болуға шақырды. Сондай-ақ үлескерлік негізінде құрылған шаруа қожалықтарының төрағалары халыққа есеп беріп отыруға тиіс деді.

– Үлескерлік негізде құрылған шаруа қожалық төрағалары да халыққа есеп беруге міндетті. Шаруа қожалықтардың жанынан арнайы кеңес құрылуы керек. Сол кеңес мүшелерімен шаруа қожалықтың жұмыс жоспары, бағыт-бағдары келісіліп отыруы тиіс. Төраға жыл басында үлескерлерге жылдық жұмыс жоспарының есебін беріп, егінге қажетті тұқым, жанармай, тыңайтқыш т.б. керек қажеттіліктерге жұмсалатын қаражат көлемін, қандай мекеме, компаниямен келісім-шартқа отырғанын айтып, жылдың соңында қанша пайда тапқанын да жасырмай есебін беріп, келер жылғы жұмыс жоспарымен де бөліскені, кеңескені жөн. Бұл мәселеде сол шаруақожалық үлескерлері де белсенділік танытып, төраға жұмысын бақылап отыруы керек. Әйтпесе, төраға мен айналасындағы 5-6 адам ғана пайдаға кенеліп, қалған жұрт пайдадан қағылып отырса, әлеуметтік наразылық туындай береді, – деді аймақ басшысы.
Қос ауылда үлкен той
Аудандағы жұмыс сапары аясында облыс әкімі «Ақмая» және «Жуантөбе» ауылдық округтерінде болып, елді мекендерді «көгілдір отынға» қосу рәсіміне қатысты. Сондай-ақ Шиелі кентіндегі аудандық тарихи-өлкетану музейі жанынан ашылған кітапхана жұмысымен танысып, Бала би ауылындағы №10 жасөспірімдерге арналған спорт мектебінде жүргізіліп жатқан күрделі жөндеу жұмыстарын көрді.

Алдымен Ақмая мен Алғабас ауылдарына аялдаған аймақ басшысы тұрғындарды құттықтап, қыз-келіншектер мен аналардың от жағудың машақатынан құтылатынына қуанышты екендігін айтты.
– Елді мекендерді «көгілдір отынмен» қамтамасыз ету қарқынды жүзеге асып, ауданның жаңа тынысы ашылып келеді. Бүгінде Шиелі ауданын табиғи газбен қамту үлесі 56,4 процентті құрап отыр. Ауданда Шиелі кенті, Бидайкөл, Ы.Жақаев, Байсын, Ш.Қодаманов, Н.Бекежанов елді мекендерінің тұрғындары табиғи газбен қамтылған. Сол елді мекендердің қатарына Ақмая мен Жуантөбе ауылдық округтері қосылып отыр. Сонымен қатар Еңбекші, Жиделіарық, Бестам, Досбол датқа, Алмалы, Ә.Тәжібаев елді мекендерін газдандыру бойынша құжаттар әзірленуде. Биыл Тартоғай елді мекенінде автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы басталады. Бұл станцияның құрлысы біткеннен кейін Тартоғай, Сұлутөбе, 1 Май, Байгеқұм, Бала би елді мекендеріне газ тартуға мүмкіндік тумақ. Осы арқылы Шиелі ауданында табиғи газбен қамту үлесі 64 процентке артады. Осындай нәтижелі жұмыстың арқасында аудан халқының әлеуметтік жағдайы жақсарып, тұрмысы түзелуде. Табиғи газ тіршілікті жеңілдетіп қана қоймай, қоршаған ортаны қорғауға, орман қорын сақтауға зор мүмкіндік береді. Сондықтан игілікті істің адамзат үшін пайдасы зор, – деді Нұрлыбек Машбекұлы.
Нұрболат ПІРІМБЕТ, Рамазан ӘНӘПИЯ, Бақытжан БӘЙІМБЕТ (сурет)