БЕНЗИН БАҒАСЫ БАҒЫНБАЙ ТҰР

Мұнай-газ жөніндегі сарапшы Олжас Байдильдиновтің айтуынша, өсім әлі де жалғаса береді. Мұндай жағдай Ресейде де бар. Ал біздегі қымбатшылық жүргізушілердің қалтасы мен жүйкесін қатар жұқартып жатыр. Одақ ішіндегі өзге мемлекеттердің қазақстандық отыннан дәмесі зор. Рұқсатсыз тасымал да тыйылмай тұр. Осының кесірінен елдегі дизель қоры таусылып барады. Жыл басынан бері отынның бұл түрі де 11 процентке қымбаттаған. Олжас Байділдинов бірыңғай мұнай өнімдері нарығын құруды жеделдету керектігін айтты. 2025 жылға жоспарланған бұл үрдіс қолға алынбайынша бағаны тізгіндеу мүмкін болмайды.
Қазір бірқатар аймақта АИ-92 маркалы бензин 180 теңгеден кем болмай тұр. Ал энергетика министрі жыл соңына дейін бағаны бағындыратын жүйелі өзгерістер енгізілетінін хабарлады.